23:49
Кемеңгер данышпанға адами-азаматтық тағзым

АҚҚУДАҒЫ АБАЙ КҮНІ

 Жеке ұлтты емес, бүкіл адамзат баласын сүюге үгіттеп шақырған, қазақтың бас ақыны Абайдың данышпандық тұлғасы әрбір қазақ үшін өміршеңдік шамшырақ қой әлбетте. Елбасы һәм Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың былайша түзілген мына қанатты сөзі осынау кіріспеге орынды эпиграфтай: «Абай армандары — тек бір ғана ұлт ұстанатын мұраттар емес, күллі адамзат ұстанатын мұраттар. Қазақ топырағында оның орайын келтіруге мүмкіндік енді туып отыр. Мына сіздер мен біздерге үлес боп тиіп отыр. Өйткені, біз осы далада өмір сүрген ұрпақтардың ішінде әлгіндей мүмкіндікке қол жеткізіп отырған ең алғашқы және бірден-бір ұрпақпыз. Сондықтан ұлы ойшыл-демократ, ұлы рухани реформатор Абайға ең жакын, ең етене ұрпақ та тек бізбіз. Мұндай жақындық, мұндай етенелік бізге, тарих алдында үлкен жауапкершілік жүктейді. Асыл ұстаз өсиет еткен абзал мұраттардың тек қиял боп қалмай, нақты шындыққа, нақты әлеуметтік болмысқа айналар-айналмасы, мына біздерге байланысты.»

Осыдан екі жыл бұрын Лебяжі ауданы орталығы саналатын Аққу елді мекенінің орталық көшесінде қазіргі заманның ірі пәлсапашысы, академик, ғалым, профессор Ғ.Есімнің мұрындық болуымен хакім Абайдың мүсіні салнататты түрде бой көтерді. Сол жылы Аққуда бұған дейін болып көрмеген «Абай күні» деген көкіректі ұлттық мақтанышқа бөлеген қазақы той-думан алаулатып-жалаулатып өткені тағы бар. Араға бір жыл салып аталмыш мереке жаңаша сипат алып, екінші мәрте мейрамға айналды. Биылжы жылдың тамылжыған тамызында Аққудағы Абай күні осымен үшінші рет ойдағыдай жүзеге асты.

Өткен-кеткенге ойлана зер салып тұрған Абай мүсіні айналасы мереке күні ерекше сән-салтанатқа оранды. Онсыз да жайшылықта хош аңқыған гүлмен көмкерілген тау тұлғалы мүсін ою-өрнекті жасанды шағын сахнасымен, ұзыннан жайылған қызыл күрең төсенішімен, әсем кілемімен аққулықтар һәм қонақ-меймандарды анадайдан тартты. Оның үстіне тойға тақырыптық мәнін ашуға кіріспе ретінде Аққудағы Мәдениет үйінің көркемөнерпаздары күшімен атақты жазушы М.Әузовтің әйгілі «Абай жолы» роман-дәуірнамасынан сахналандырылған шағын көрініс ұсынылды.

Абай күнінің салтанатты бөлімінде сөз алған Лебяжі ауданы әкімі А.Құрманова өз қуанышы мен ризалығын жасыра алмай, төбедегі түгел жиналған қадірменді қауымды осымен үшінші мерте қатарынан тойланып отырған Абай күні мерекесімен жүрекжарды тілектерімен шын жүректен құттықтап қана қоймай, осынау мейрамның игі дәстүрге айналуына бірден-бір азаматтық белсенділік пен адами табандылық танытқан Ғарифолла Есімге Құрмет грамота мен жаз аңқыған әсем гүл шоғын Абай мүсіні алдында салтанатты түрде табыс етті. Ал Ғарифолла аға өз кезегінде аталмыш әрі рухани, әрі мәдени, әрі әдеби шараны іскерлік таныта ұйымдастыруға ұйытқы болған аудан әкімі Айзада Амангелдіқызына шексіз алғысын білдіріп, қазіргі алмағайып заманда ынтымағы мығым көпұлтты еліміз үшін данышпан Абай шығармашылығын насихаттаудың маңыз-мәнін екшеді. Лауазымды меймандар ішінде іргедегі Семейден ат терлетіп келген, Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайының директоры Ж.Әубәкір сахна төріне шақырылды. Жандос Мағазбекұлы өз сөзінде қонағын құдайындай сыйлайтын Аққу елді мекеніне деген ризашылығын жеткізді. Осыдан екі жыл бұрын бой көтерген Абай мүсіні һәм игі дәстүрге айналып үлгерген Абай күні Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарын рухани-мәдени жағынан байланыстырып, тамырластырып тұрған бірден-бір көпір екенін мақтанышпен атап өтті.

 Ал Мәдениет үйінің кең де жарық фоесінде Семейдегі Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайының қызметкерлері Абай шығармашылығы һәм оның әдеби-қоғамдық айналасынан таптырмас танымдық-мағлұматтық ақпар беретін, жиыны он бір панорамадан тұратын әрі құнды кітаптар көрмесін жылы жүз таныта ұсынды. Осынау қорық-мұражайдың жетекші ғылыми қызметкері Маржан Біржанқызы зер салған, құлақ түрген құрметті қонақтарға танымдық панорамалық кешеннің әрбірі жайында майын тамызып тұрып әңгімелеуде барын салып бақты. Қызығушылық танытқан қайсыбіреулерге айына бір рет жарық көре шығатын Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайының «Асыл қазына» атты мәдени, әдеби-танымдық газетінің санын сыйға тартты.

Абай бейнесімен бедерленген сахна төрінде өзге ұлт өкілдері арасында «Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ» атты облыстық байқауының тұсауы кесілді. Осынау игі шара қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болғанына һәм «Қазақ тілі» қоғамының құрылғанына биыл жиырма бес толуына арналды. Облыстық байқауда өз бағын сынауға аймағымыздың аудандарынан және қалаларынан он екі үміткер не бел, не белбеу кеткенше сайысуға ниет білдірген екен. Әр қатысушы өз кезегінде шарт бойынша бекітілген үш кезеңнен өтуі керек болды: алдымен хакім Абайдың шығармасынан не толық мәтінде, не үзіндіні, артынша М.Әузовтің «Абай жолы» романынан алынған мәтін үзіндісін мәнерлі түрде жатқа оқу, соңында сазгер Абайдың бір әнін шырқау. Байқауды бағалайтын әділқазы алқасы да сайланды. Шаршы топтың алдында өз дайындығын танытуға барын салған үміткерлерге көрермендер құрмет-қошеметі серпін мен қуат берді. Нәтижесінде, Баянауыл ауданы үкілеп дайындаған биылғы мектеп түлегі Ангелина есімді бойжеткен бірінші орынды қанжығасына байлап әкетті.

Абай мүсіні алдындағы импровизацияланған сахнада «Өлең – сөздің патшасы» атты облыстық ақындар айтысы ұйымдастырылды. Оны жүргізу тізгіні белгілі айтыс ақыны Асхат Тұрғанбекке тапсырылды. Сөз парқын домбыраның сүйемелдеуімен пырақтауға бас-аяғы сегіз айтыскер сайысқа түсті. Бүтінді бөлшектесек, Қуаныш Шарманов, Айбек Оралхан Павлодар қаласының намысын қорғаса, Абзал Қабдраш Ақтоғай ауданың, Қайролла Хафиз, Саяхат Оразбек Шарбақты ауданының, Есім Бейбітхан Лебяжі ауданының, Айбек Қали Екібастұз ауданының, ал Гүлшекер Батай Ақсу ауданының атынан қатысты.

Қазақтың қасиетті қара домбырасының қоңыр сазымен ұйқасты өлең түзген айтыс ақындары тақырыпты ашуда данышпан ақын Абайдың шығармашылығынан өрнек құраумен қатар бір-бірін әзіл-сықақ түрде түйреу мен мінеу арқылы зер салып отырған көрермендерді де, адал бағалап отырған әділқазы алқса мүшелерін де желпінтіп отырды. Сонымен бірге, айтыс барысында әлеуметтік-қоғамдық көкейкесті мәселелердің де бір парасы қырланды. Абай күнін дәстүрлі түрде асқан абырой танытып отырған қоғам қайраткері Ғарфолла Есімнің ерен еңбегін, аудан әкімі Айзада Амангелдіқызының ұйымдастырушылық іскерлігін айрықша түрде атады. Қызыға тыңдаған көрермендер құрмет-қошеметінде шек болмады.

Әділқазы алқасының ортақ шешімімен, бірінші орынды шарбақтылық Қайролла Хафиз иемденсе, екінші орын тұғырына павлодарлық Қуаныш Шарманов шықты, ал ақтоғайлық Абзал Қабдраш үшінші орынды қанағат тұтты. Сонымен бірге лебяжілік Есім Бейбітханға Павлодар облыстық мәдениет басқармасының арнайы сыйлығы табыс етілсе, ақсулық нәзік жанды жас ақын Гүлшекер Батайға Лебяжі ауданы әкімі арнайы тіккен көрермендер көзайымы сыйы тартылды. Басқа да қатысушыларға диплом һәм қаржылай-бұйымдық естелік сыйлықтар салтанатты түрде табыс етілді.

Қонағын құдайындай сыйлау дәстүрі бойынша осыдан екі жыл бұрын іргесі қаланған «Бижамал ана» мейрамханасындағы дәм-тұзды дастарқан басында аудан әкімі Айзада Амангелдіқызы Аққуда Абай күнін дәстүрлі түрде атап өтудің бірегей діңгегі болып отырған ұлт жанашыры әрі ел ағасы Ғарифолла Есімнің иығына құрмет пен сыйластықтың нышаны – қазақы шапан жапты.

Асылы сол, әңгімемізді Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаетың: «Абай өнегесі әрдайым көз алдымызда болғай! Қай ісіміз де Абай армандаған биіктен көріне білгей!» - деген сөзімен түйіндегеніміз абзал болар. Абай рухы асқақтай берсін, ағайын!                    

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ[i]

Аққу ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

 

[i] Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі, №3741-мүшелік билет

Просмотров: 1005 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 vepegrietry  
0
Miami signed free agent Shelley Smith but the other spot is wide open. Insert the contt lens into your sclera or white of the eyeball. http://www.cheapjerseyfromchina.us/ - www.cheapjerseyfromchina.us. This includes educating the patient as to what hurts them (anatomical tissue damage), why it hurts so badly (the inflammatory cycle), and what they can and ould do to get out of the ute, painful stage as quickly as possible (“RICE or, Rest, Ice, Compress, Elevate). A dostic property owner studies personal safety and security for a key reason with regards to making sure your ho is fully secured against a would-be intruder. These directories consist of landline and mobile amounts as well as other info that will include the individuals address.YOU MAY BE A CANDIDATE FOR DRUG FREE RELIEF!FOR A FREE NO-OBLIGATION CONSULTATION CALL DR. The reason for this heightened retion is due to the lk of experience or, “knowledge about this type of injury – they don’t realize the pain will dissipate with a few minutes and as a result, they over ret. If you, a friend or family mber requires care for low bk pain, we sincerely appreciate the trust and confidence own by choosing our services and look forward in serving you and your family presently and, in the future. He lives in Southern Nevada with four dogs and a pet coyote. People draw much attention to his final show in this season.http://www.cheapjerseyfromchina.us/ - Cheap Jerseys From China.The cheapest contt lenses are better than eyeglasses and will make you look better-looking.http://www.cheapjerseyfromchina.us/ - Cheap Jerseys China. Phonenumbers and addresses, and other personal information can present up within the oddest locations on the .In the 2001-02 season, he played 80 matches for the first time in his professional life. He began his all-developed performance by 25.

Имя *:
Email *:
Код *: