21:10
Кел, ойнайық!

ҰЛТТЫҚ СПОРТ – МАҚТАНЫШЫМ

Қазақ халқы үшін ұлттық спорт түрлері бағзы замандардан бері үлкен маңызға ие. Ойлау қабілетін де, дене тәрбиесін де дамытатын ұлттық спорт түрлерін ойнай білу сабыр мен шыдамдылықты, қайрат пен жігерді, талап пенен талпынысты тепе-тең ұстауды қажет етеді. Қазіргі таңдағы беделі де бәсең емес.

Бірыңғай мемлекеттік тілде оқытатын Павлодар қаласындағы Б.Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беретін мектебінде жақында ғана «Ұлттық спорт – мақтанышым» деген айдармен 8-9 сынып оқушыларының қатысуымен ұлттық спорт түрлерінен сайыс ұйымдастырылды.

Нәтижесінде, «Асық ату» сайысында 8 «В» сыныбында оқитын Мулюков Мирлан мен Бегембет Тамерлан жеңімпаз атанса, «Теңге алу» сайысында 9 «А» сынып оқушысы Олжатай Әділге тең келер ешкім табылмады, «Аударыспақта» 9 «А» сынып оқушылары Серхазин Ерасыл мен Қыдышев Нұрбол қарсыластар шыдатпаса, ұжымдық бірлікті қажет ететін «Аран тарту» сайысында 9 «А» және 9 «В» сынытары оқушыларының құрама тобы жеңісті қанжығаларына байлады.

Осынау қызықты ұлттық спорт сайысы сондай тартымды һәм қызу қарқынды өтті. Көрермендер де тамаша әсерлер алды.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Б.Момышұлы атындағы №22 ЖОББ мектебі

Павлодар қаласы

Просмотров: 455 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: