21:17 Кәсіподақ көкжиегінде | |
ҰЖЫМДЫ ҰЙЫТАТЫН ҰЙЫМ Кез келген ұжымда ғой кәсіподақ ұйымының атқарар ісі де, арқалар жүгі де
жеңіл емес. Әлбетте оның негізгі міндетіне ұжымның құрамына кіретін әрбір
қызметкердің мүддесін қорғау, ұжымды ұйыған айрандай бірлікте ұстау кіреді. Қазіргі таңда Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебіндегі кәсіподақ
ұйымына төрағалықты физика-математика мұғалімі Берден Шаймұрат соңғы екі-үш
жылда асқан абыроймен атқарып келеді. Бұған дейін де бұл лауазымдық қызметті
атқарғандар аз болған жоқ. Дегенмен ұжымды дәл бүгінгідей ортақтастырған төраға
да, төрайым да болмағаны айдан анық. Кезінде аталмыш кәсіподақ ұймының
мардымсыз жұмысы мінге толы сынға да ұшырап еді немесе жұмысы шатқаяқтап,
ілгерілемей, тұралап қалған кездер де аз болмады. Жақында кәсіподақ ұйымының мұрындық болуымен Бесқарағай жалпы орта білім
беретін мектебінің қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік
мерекесі қарсаңында мектепішілік спартакиада ұйымдастырылды. Дәл осындай
кешенді спорт додасы былтыр да өткізілген. Игі дәстүрден жаңылмай, биыл да
жарыстар қыза түсті. Не керек, мектеп қызметкерлері өзара үстел теннисінен, пневматкиалық
винтовкадан нысанаға атудан, білек күресінен, дойбыдан, арқан тартыстан,
волейболдан бел кеткенше тартысқа түсті. Қайталанбас қызықты тамалаған
көрермендердің қошеметінде шек болмады. Өздерінің мұғалімдері спорттық киімде,
сонымен бірге командалық намысқа тырыса белсенділік танытқаны күнде бола
бермейтін қызық қой әлбетте! Нәтижесінде, жалпыкомандалық есепте математика, информатика, физика
әдістемелік бірлестігі мұғалімдерінің «МИФ» командасының асығы алшысынан түсіп,
екінші жыл қатарынан жеңімпаз атанып, Кубокты сақтап қалды. Екінші орын
филология әдістемелік бірлестігі мұғалімдерінің «Фил» командасына бұйырса, мектептің
техникалық қызметкерлерінен құрамдалған «Технарь» командасы үшінші орынды
қанағат тұтты. Жүлдеге ие болған командаларға, жекелей спорт түрінен
белсенділік танытқан мектеп қызметкерлеріне Лебяжі аудандық білім бөлімінің
кәсіподақ ұйымының Мадақтама грамоталары салтанатты түрде табыс етілді. Осылайша Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің кәсіподақ ұйымы ел
Тәуелсізідігінің биылғы мерекесіне сүбелі үлесін абыроймен қосты. Бегімхан
КЕРІМХАНҰЛЫ Бесқарағай
ЖОББМ оқу-тәрбие істері меңгерушісі, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы | |
|
Всего комментариев: 0 | |