09:54
Көркем сөздің құдіреті

ШӨГУ

1. Түйенің тізе бүгіп бауырымен жатуы;

2. Аласару, кішірею, қартаю, жадау;

3. Бір-нәрсенің түбіне тұну, басылу, төмендеу.

Мысалдар:

1. Аруана шөккен жерін.

Өлшесін бүгінімен өткендерін!

Көре алмай Жерұйықтың көк белдерін,

Көрсет Асан запыран төккен жерін.

(М.Мақатаев, Толғау)

2. Осы үйлердiң көбiне кiрiп қарасаң: – Бiрi қартайып шөгiп қалған, бiрi жастай семiп, солып қалған.

(М.Әуезов, Абай жолы: 2 том)

3. Үлкен шарасы қып-қызыл боп шөгіп бара жатқан күн алыстағы саржотаға жарым бойымен бата берген шақта, бар дүние қызыл арай, соншалық айқын қызыл бояуға малынғандай.

(М.Әуезов, Абай жолы: 4 том)

 

КҮРМЕУ

1. Түйін, байлау түрі / Байлау, түйіндеу;

2. (ауыс.) Бөгет, тосқауыл / Бөгеу, тосқауыл болу.

Мысалдар:

1. «Үзын арқау, кең тұсау» бұнда болғанда, «қысқа жіп күрмеуге келмес»— менмін!

(М.Әуезов, Абай жолы: 3 том)

2. Жиренше бұдан былайғы жайды әлденеден күрмелiп, бөгеле берiп, тұспалдай сөйледi.

(М.Әуезов, Абай жолы: 2 том)

3. Жұлдыз ақса... Сағынышым сыр беріп,

Хат жазамын қанатына үлгеріп.

Сен туралы айта алмады ештеңе,

Түннің тілі күрмеліп.

(Қ.Сарин, Жұлдыздардың жалынына түн балқып)

 

СҮРЕҢ

 1. Әбігер, сергелдең, қарбалас;

2. Кескін, кейіп, өң, түр.

Мысалдар:

1. Қара сойылды көлденең ұстағаны болмаса, мынау қалың тобың жортуылда болмағандар. Оларға айғай, сүреңнің өзін де айтып, білдіріп қою керек.

(М.Әуезов, Абай жолы: 4 том)

2. Талай жылқылы ауылдар қазір май айы туғаннан бері жылдағы тірлігінен мүлде бөлек: "тұлдыр құрдым күндер келді", "сүреңі жат жыл келді" деп күні-түні күңіренеді.

(М.Әуезов, Абай жолы: 4 том)

3. Оқиғалардың сүреңі жаман. Қам қылмай, қол қусырып отыра берсек, алдымен қазақ халқы сорлайтын түрі бар. Соның үшін біз жанымызды, малымызды қорғау жайын ойлау керек.

(Ә.Бөкейханов, «Қазақ» газеті, 1917 жыл №250)

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 40 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: