КӨПЕК
Тапал, кішкентай; кәндек
Сен ауылда үрген көпек ит.
Мен азулы арлан бөрі едім.
(Ақберен жырау шығармасынан)
Көшені шаңдатып мына көпек сиырлар келе жатқанда, өзінің туып-өскен деревнясы есіне түсіп, Галяның көңілі бір селт етеді.
(Т.Ахтанов, Боран)
Шәңк-шәңк жөтелген көпек иттердің дауысы тып-тыныш орманның шырқын бұзды.
(Қ.Ысқақ шығармасынан)
Әлгі бір анадайдан кәукілдеп, жүгіріп шығатын шабалаң көпек иттер болушы еді ғой.
(Ә.Кекілбайұлы, Елең-алаң)
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының 2№ ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
|