КҮПУ
Лепіру, бөсу, көку, көпіру, мақтану.
Мысалдар:
- Қаралардан қашқалақтаған Шалматайдың өз басы ғана емес, бағанағы бір-бір атқа мініп, Нәзипаға қамшы үйіріп, аттың құйрығына тақпақ болып күпініп жүрген жігіттердің біреуі де сөзге келуге жараған жоқ.
(І.Жансүгіров, Жолдастар)
- Соны байқаған офицер Мерке басшыларының алдында өзінің әлгі құлдыраған беделін қайтадан қалпына келтірмек болып, күпіне сөйлеп кетті.
(Ш.Мұртаза, Қызыл жебе: 2 кітап)
- «Ру басынан бір-бір аманат өзірлеңдер!» − деп күпілдеп жүргенде <...>
(Ә.Кекілбайұлы, Елең-алаң)
- <...> «очерк» десем, қара мақалаға ұқсар да, мына күпиген әдеби қызметкердің алдында беделім түсіп қалар деп ойладым.
(Ә.Нұршайықов, Махаббат, қызық мол жылдар)
- Дүние жүзіне мақтансақ бірсәрі, ал өзімізге өзіміздің мақтанғанымыз не?! Оны қазақ күпию демейтін бе еді.
(Қ.Жұмаділов, Көсем билеген ел көгермейді)
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
|