ҮНПАЗ
1. Алға бастаушы көсем, шешен;
2. Сайрағыш құстарға қатысты айтылатын сөз.
Мысалдар:
- Рухани басшылығымызды қайыра құрудың міндеті – бойында әу баста бар өз мүмкіндігіне сай өз заманының үнпазы, онда да жаңаша ойлап, жаңаша жаза алатын үншісі болу.
(О.Бөкеев шығармасынан)
- Жарқыштанған тарғыл үн баяғыдағы үнпаз
дауыс емес, мүлдем жат, қорқынышты шықты.
(О.Бөкеев, Өз отыңды өшірме)
- Дүниенiң ең бiр жазықсыз, аңқау үнпазы өз жұбайын шақырам деп, кiшкене сырын кең тау-тасқа да паш етедi.
(М.Әуезов, Абай жолы: 2 том)
- Бармақтай үнпаз құстардың сазы қандай тамаша.
(Қ.Жұмаділов, Таңғажайып дүние)
- Содан түн ортасы болмай-ақ сусындары қанған болу керек, әр үйден үнпаз әнші бектер ән қалықтата бастады.
(Тұрсын Жұртбай, Құнанбай)
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
|