МҰҒДАР
1. Шама, мөлшер, уақыт; болжам;
2. Мұрша, әл, мүмкіндік.
Мұғдарнама — бір ұйымның жұмысына қатысты ережелер жинағы.
Мысалдар:
- Мұғдарлап өлшеп қойдың аш пен тоқты.
Тағдырына еш адам қарсы айтпас,
Қанағат еттім шүкір аз бен көпті
(Мәшһүр-Жүсіп, Ақыреттің егіні)
- Бір көше мұғдары өткеннен кейін барып, түндегі салған суретім есіме түсіп кетіп, кейін бұрылдым.
(І.Есенберлин, Ғашықтар)
- Осы бір құп-құртақандай тірліктің бар мұғдары жас бала жұдырығындай болып алып, әлдекімнің өмірі үшін осыншама өлімін сала жанталасқанына қайран.
(Ә.Нұрпейісов, Соңғы парыз)
- Осы дәу қара тастарды ағызып әкелерде, өзі суалып, аталы арнаны солар – қара тастар басып қаларын мұғдарлаған жоқ, мұғдарлайтын ой-өре, жетелі жетекші де жоқ... ағарыс бұрынғыдай күркіремеді.
(О.Бөкей, Терісаққан)
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
|