22:45
Көркем сөздің құдіреті

НАУША

1. Жас, балғын, жаңа;

2. Сымбатты, ашаң, сұңғақ.

Мысалдар:

  1. Жұрт аңыз қылар: «Бір жат бөтен жұрттың жас науша баласы пәленше байға жалданып, қойшы болыпты!» - деп, әркім таңырқап сөз қылар.
    (Мәшһүр Ж.Көпейұлы, Желкілдек)
  2. Домбыраны құйқылжытып отырған сұйықтау сарғыш шашын кейін қайырып, әдемілеп тараған қағылез, ашаң келген, ақ көйлекті науша жігіт.
    (Н.Сералиев, Ақсақ киік)
  3. Халық әдебиет мұраларын жазып алуда Шоқанның тәжірибесі бұрыннан мол болатын. Ол тіпті науша бала күнінің өзінде «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Едіге», «Ер Көкше», «Орақ» жырларын жазып алған.
    (Ә.Марғұлан, Манас жырын жазып алу тарихынан)
  4. Жас науша сорлы болып қолда қалған.
    Қызығып артық сұлу болғандықтан,
    Анамды қаны қара Сейқын алған.
    (И.Байзақов, Құралай сұлу)
  5. Науша бойлы талдырмаш
    Емессің сен балғын жас.
    (С.Мәуленов, Церетели)

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 286 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: