21:48
Көркем сөздің құдіреті

ЕЛТУ

1. Улану, есіру, мас болу;

2. Елігу, желігу, масаю.

Мысалдар:

  1. Қайран жастар қапыда қолға түсті,
    Елтіген бөрідей боп жеген уға.
    (Шәкәрім, Еңлік-Кебек)
  2. Мынау шүмектерден ағызып алып ішуші еді. - дейді. Ақсақ Темір тұсында бүл қазаннан сопыларға арақ беріп, елтіткенін қайдан білсін.
    (Ж.Аймауытов, Әзірет Сұлтан)
  3. Уланып елтіген кісідей маспын. Сенің кететініңді ойлаған сайын, ақыл-естен айырылып, езіліп барам, қуатым!
    (М.Әуезов, Қарагөз)
  4. Елтіген түнім едің,
    О, Махаббат!
    Сен әлі тірі ме едің!?
    (М.Мақатаев, Сен әлі тірі ме едің?)
  5. Бір ашып батыр бұлбұл әнге салды,
    Елтітіп маңындағы күллі жанды,
    Бір кісі қойда жүрген баласымең
    Мас болып, олардағы ұйықтап қалды.
    (С.Көбеев, Есек пен Сандуғаш)
  6. Бойларына шымырлап коньяктың қызуы тарап, елтіген сайын сөздері молайып, әңгімелесіп кетті.
    (Қ.Жұмаділов, Көкейкесті)

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 312 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: