МҰҚАЛУ
1. Өткір заттың жүзі қайырылу, майырылу, тұқылдану;
2. Беті/меселі қайту, сағы сыну; әлсіреу.
Мысалдар:
- Алмас қылыш қанша мықты болғанмен де, қара тасқа сала берсең, оның да жүзі мұқалады.
(I.Есенберлин, Алтын Орда)
- Құрбың келсе құрысып,
Көрінгенмен ұрысып,
Қайраумен тілің мұқалып.
(Д.Бабатайұлы, Замана сазы)
- Шалдығатын, шаршатпайтын жерлер де бар,
Шалдыққанға мұқалмас ерлер де бар.
(А.Байтұрсынов, Н.Қ. ханымға)
- Ауыр тұрмыс адамның тауын шағып, мұқалтады екен.
(Б.Соқпақбаев, Өлгендер қайтып келмейді)
- Саған айтам бір әңгіме көңіліңді бұратын,
Сейілтейін қауібіңді, мұқалмасын мұратың.
(М.Мақатаев, Құдіретті комедия [А.Данте])
- Мұқалған, жасыған көңілі қайта жетіліп, ұшталып, қайралғандай болып еді.
(Қ.Жұмаділов, Тағдыр)
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
|