ӘЛЕТ
1. Мезгіл, мерзім, кез, уақыт, уақ;
2. Жарық, сәуле, нұр; Айдың, күннің, жұлдыздың айналасын қоршаған сәуле.
Мысалдар:
- Күн екінді әлеті. Бұл ауылдан асып түсетін мерзімді жерде ел жоқ. Біздің қонуға ыңғайланғанымызды сезген соң, отырған кісі жай айта бастады.
(Б.Майлин, Таубай)
- Күн түс әлетінен ауа бастады, бірақ ұшы-қиыры жоқ кең дала жеткізер емес.
(І.Есенберлин, Қатерлі өткел)
- Әрі десе, биіктегі мұзарттың ызғары жаз да болса, белгі беріп, түн әлеті салқын тартады.
(Ш.Мұртаза, Қызыл жебе: 5 кітап)
- Демежан да солай қарай жалт бұрылған. Жанағы бір әлетте көшенің оң жақ қапталында екі қолына бірдеңе ұстап, қалтаңдаған бір шиаяқ кетіп бара жатқан сияқты еді.
(Қ.Жұмаділов, Тағдыр)
- Түс әлеті. Тіл - әдебиет кафедрасының бөлмесінде профессорды күтіп отырғанмын.
(Н.Сералиев, Махаббат туралы хикая)
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
|