12:47
Көркем сөздің құдіреті

САПСИЮ

Қаулап, өсіп кету (көбіне сақалға қатысты).

Сақалы сапсиған — жасы келген; ақсақал.

Мысалдар:

  1. Қарашы бұны, сотқар да өзі, қыңыр да өзі, көрдің бе? Сақалы да сапсиып апты жас басынан Әзімбайдың сақалындай, — деді де, Жұман өзінін ендігі ойына мәз болып, кеңкілдеп күліп алды.
    (М.Әуезов, Абай жолы: 3 том)
  2. Сақалдары сапсиып,
    Қарындары шартиып
    Мөр ұстаған билер жоқ.

    (І.Жансүгіров, Топ алдында)
  3. Сақалдары сапсиған қарт адамдардың ысқырғаны қызық, әрі ерсі. Бала болса бірсәрі.
    (Ш.Мұртаза, Ай мен Айша: 1 кітап)
  4. Сол оймен біраздан бері ұстара тимей сапсиып кеткен сақалын қырып, мұртын басты.
    (Қ.Жұмаділов, Бір түп тораңғы)
  5. Көшенің екі жақ қапталында ну ағаш сапсиды.
    (З.Шашкин, Тоқаш Бокин)

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 340 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: