11:51 Көркем сөздің құдіреті | |
МИЗАМ
Мысалдар:
Мизамға шариғат пен бірдей жүйрік. (Мәшһүр Ж.Көпейұлы өлеңінен)
Сөйлеуге мизамыңды тілім олақ. (Балуан Шолақ, Атадан ұл тумайды)
Мизам келе мұңаяды атырап. (Қ.Мырзалиев, Жүрек шіркін дүрсілінен талмайды)
Түркістанда бір ескерткіш бой көтерді ғажайып. (М.Шаханов, Түркістан аңызы)
(Ә.Кекілбайұлы, Бунинмен жолыққанда)
(Ш.Мұртаза, Ай мен Айша)
ҚАР Қардың жауу түріне сай жеке атаулары бар. Олар: Қылау – сілбілеп, ұшқындап түскен ұлпа қар. Ақша қар – жаңа жауған таза қар. Сонар қар – алғаш жауған қалың қар. Ұлпа қар, күпсек қар – қалың жауған таза қар. Бір жерлерге жауып, басқа жерлерге жаумай ала түскен қарды ала қанат қар деген. Жапалақтаған ірі түйіршікті қар – жапалақ қар. Қырбақ, қырбық қар – ұшқындап жер бетіне жұқалап қана жаңа жауған қар. Жылбысқа қар – ери жауған қар. Қар жерге түскенмен асты еріп, беті көпіршіген жұмсақ қарды көбік қар дейді. Қиыршық қар – жентектелген түйіршік қар. Күртік қар – жел үріп үйілген, бекіп үлгермеген, жаяу жүргенде ойылып кететін, беті қатқан қалың қар. Ұзақ жатқандықтан тапталып қалған қалың күртік қарды омбылы қасат қар дейді. Жаңбыр тамшылары жерге қатты түйіршіктеліп, мұз болып түсіп жатқан болса, ол – мұздақ болады. Ал сол қар үстіне жауған мұздақтың әсерінен мұзды түйіршікті қарға айналса, оны – сырғанақ қар немесе мұздақ қар деген. Ат бауырлайтын, тапталған қалың қар – омбы қар. Сүрі қар – ерте түсіп ерімей, жатып алып, тозаң мен топырақ сіңіп, беті күлгін тартқан, нығызы қалыңдаған қар. Көлік жүрісіне бөгеу болатын, мызғымай ұзақ сіресіп жатқан, аяқ бастырмас, сір қатты қарды сіреу қар дейді. Үйіме қар – қатты жел мен күшті соққан боранның әсерінен сырғи отырып, таутөбе болып үйіоген қар. Үрме қар – жел үрлеп, үйіріп әкеп, сайлау жерлерде жинақталған тығыз қар. Анжыр – қардың еріп кетуінен соң, жер бетінде аралас жатқан қатқан қарлы мұз. Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |