19:11 Көркем сөздің құдіреті | |
ЗИПА Көрікті, сымбатты, сұлу, бәденді, шырайлы. Зипа бой – сұлу, бипаз мүсінді дене. Мысалдар:
(Ш.Мұртаза, Қызыл жебе: 3 кітап)
Сұлу сындар зипа бойың есімде. (С.Бегалин, Сол бір шақтар есімде)
Ақылыңа ісін қылсын жалшының. (Х.Ерғали, Сонеттер)
(І.Есенберлин, Көлеңкеңмен қорғай жүр)
Жат өсек жанастырмай зипа бойға. (Ә.Найманбайұлы өлеңдерінен)
(Қ.Жұмаділов, Құзғынның өлімі)
БОРАН Боран көбінде жауын, қар жауар алдында соғады. Боранның да түрі көп. Олар: Ала қаншық – бәсеңси, қайта ұйытқып соғатын боран. Ала құйын – астан-кестең ұйытқыған боран. Боранды жел – бұрқырай, ысқыра, ұйытқып соғады. Борасын – қиыршықтап борайтын сырғыма боран. Бұршақты боран – бұршақ аралас бүлдіргіш, ысқырықты жел. Бұрқасын – қарды суырып, ұйытқыта соғар бұрқақ. Сырма – сусымалы бұрқақ боран. Жаяу боран – үрпек қарды үретін еспе боран. Жаяу борасын – жаяу бораннан ақынырақ соғады. Жаяу бұрқасын – бәсең боран. Тас боран – тас пен топырақты суырып соғатын қаһарлы жел. Түтек – алай-түлей ызғарлы боран. Көк дауыл – аязды қарлы боран. Ақ жорға, ақ дауыл да дейді. Күшті соқса – қарлы боран, ал баяу қарды үрлей соқса, ақ жорға атаған. Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |