13:00 Көркем сөздің құдіреті | |
НЕҒАЙБЫЛ Күмәнді, белгісіз, беймәлім, екіталай, дүдәмал. Мысалдар:
(Ш.Құдайбердіұлы, Үш сауал /аударма/)
(С.Сейфуллин, Кедейге не керек)
(Ш.Мұртаза, Қызыл жебе. 4 кітап)
(С.Мұқанов, Қашқар қызы)
(Т.Ахтанов, Шырағың сөнбесін)
ЖЕЛ Азынау жел – гуілдей соғар аңқыма жел. Аңызақ жел – жаздағы тым жылы әрі құрғақ жел. Алтын күрек – оңтүстіктен соғып, қарды ерітетін жылы жел. Баяу жел – лебі бәсең соғатын жел. Жайдақ жел – жауынсыз, шаңсыз баяу соғатын жел. Жатаған жел – төмендеп жер бауырлап ескен жел. Желең жел – баяу соғар жел. Желемік немесе жеңіл жел – әлсіздеу солғын жел. Жоғары жел – биітен үйірілген жел. Ескек еспе жел – есе соққан желпінді жел. Заулама жел – іркілмей соғар екпінді жел. Керімсал – оңтүстіктен шілдеде соғатын аңызақ жел. Қара жел – бұлтты күнгі ызғарлы жел. Қарыма жел – бет қаритын өткір жел. Қара құйын – топырақ пен құм боратқан жел. Қоңыр, майда, самал жел – майда, қоңыр салқын жұмсақ самал. Қызыл жел – аңызақ ыстық жел. Мырза жел – жанға жайлы қоңыр жел. Өкпек жел – көктемде соғар ызғырық жел. Өксік жел – ышқына соғар қатты жел. Өтпе жел – ашық жерден алма-кезек есіп өтетін жел, желорай. Салқын жел – ызғарлы күзгі жел. Сары жел – тынымсыз соққан жел. Тентек жел – ала құйын есер жел. Теріскей жел – терістіктен ескен салқын жел. Үрме жел – екпіндей басылып соғар суық жел. Үскірік жел – күзде, қыста соғар суық жел. Ызғырық – өңменнен өтер ызғарлы үскірік жел. Ықтырма жел – бет қаратпас суық жел. Ысты жел – оттай аптап жел.
ДАБЫС
Мысалдар:
Мақтым деген ханы бар, Оның ерлік дабысы Қамбарменен барабар. (Қамбар батыр)
Айбынды бұйралаған ағысым жоқ. (А.Байтұрсынұлы, Өзен мен Қарасу)
Алпысқа жасың келгенде, Төгілген тасып дариядай, Басылып қалған, Жамбылым. (Жамбыл мен Жалайыр Досмағамбет айтысы)
Моладан шыққан дыбыс па? Мақтаныш еткен дабыс па? (Т.Жароков, Цыгандар /Пушкиннен/)
(М.Әуезов, Абай жолы: 4 том) әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |