13:35 Көрермен көзқарасы | |
ҰЛТТЫҚ МУЗЫКА МҰЗАРТТАДЫ Жақында ғана аудан орталығы Аққудағы Мәдениет үйінде
Павлодар облыстық әкімшілігінің бастамасымен һәм Лебяжі ауданы әкімшілігінің
қостауымен Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық халық аспаптары
оркестрі өз концертін көрермендер назарына ұсынды. Жақын арада өз 80 жылдығын атап өткелі тұрған осынау
құдіретті де қасиетті өнер ұжымы сахна төрін халық аспаптармен және ұлттық
киімдері жарасқан көркемөнерпаздармен мейілінше ажарлап жіберді. Концерт
барысында қазақ күй өнеріне бірегей үлес қосқан Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина
және т.б. отандық һәм жаһандық сазгерлердің күйлері оркетрдің үйлесімді
орындауымен тыңдармандар жүрегіне жол тартып, жүректерде жай тапты. Ал Абайдың,
Н.Тілендиевтің һәм басқа да авторлардың әндері «көңілге түрлі ой салып», рухани
кенімізді байыта түсті. Бір сөзбен айтқанда, атаулы концерт есімде де,
жүрегімде де ұзағынан қалды. Бір өкініштісі, көрермендер саны аздау болды. Сондайма
деңгейдегі оркестр біздің жаққа жиі келе бермесі анық. Оның үстіне ұлттық
музыка өнерін жанды түрде ойнатқан болса, онда жан үшін тіптен таптырмас дүния
ғой. Таусылмас тірлік пенен түгесілмес жұмыстан бір сәт болсын тыным тауып,
рухани жағын байыта түскенге не жетсін. ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Бесқарағай
ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы | |
|
Всего комментариев: 2 | |||
| |||