22:43
Ислам және медицина

ТОПЫРАҚ vs МАЙМЫЛ

Ген туралы айта кететін болсақ, ғалымдар осы ген мәселесі бойынша бірнеше кең ауқымды генетикалық зерттеу жүргізіп, интеллект тек ананың көмегімен ғана мұраға қалдырылғаны туралы қорытындыға келді. Ана гендері тікелей церебральді қыртыстың дамуына жауапты, ал әкесі лимбиялық жүйенің дамуы үшін жауапты. Басқаша айтқанда, адам анадан ақыл-ойы, әкеден эмоционалдық күйді қабылдайды. Сол зерттеулерде адамдар аналықтан интеллектті мұра етіп алу себебі, ақылға жауапты тасымал ген Х-хромосомада орналасады екен. Ал әйелдерде осындай екі хромосома бар (ХХ), еркектерде тек біреуі бар (XV). Сондықтан интеллект үшін жауапты ген әйелдерде белсенді.

Данагөй ата-бабамыз:

«Алып – анадан, ат – биеден»;

«Үйдің жақсы болуы – ағашынан,

Жігіттің жақсы болуы – нағашыдан», -

деп бекер айтпаған болар.

Бүгінде Гарвард университетінің Сэт Шипман бастаған ғалымдары «ДНҚ-ға» ақпарат енгізу мүмкіндігіне қол жеткізді. Бұл жолы нысана ретінде «тірі бактерия» таңдалған. Бактерияның ДНҚ-сына енгізілген ақпарат мыңдаған жылдар бойы өзінде бар ақпарды жоғалтпай, сақталып тұра береді екен. Жаңа әдістің арқасында мамандар әлдебір ақпаратты, мәселен, адамның клеткасына, тіпті судың молекуласына да енгізе алады, мысалы, бір тамшы судың өзіне 10 ТБ ақпарат сақтауға болады. Қазіргі таңда ақпаратты адамның кез келген ағзасында сақтау мүмкіншілігі туып отыр. Демек, Алла Тағала біздің денеміздегі жасушаларын кез келген мәліметті сақтауға болатындай етіп жасап қойған. Бұның дәлелі ретінде, Қиямет күні, есеп-қисап болғанда адам ағзасының мүшелері өзіне қарсы куәлік беретіндігін айтсақ болады. Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде бұған байланысты былай деген:

«Қиямет күні, оларға тілдері, қол-аяқтары не істегендеріне айғақ болады» (24:24).

Құранның осы аяты және қандай да бір ақпаратты адамағзасының жасушаларында сақтауға болатындығын анықтаған соңғы ғылыми зерттеу нәтижелері – Қияметтегі есеп-қисап күнінің ақиқат екендігінің айғағы.

Бұл ең алғашқы зерттеу деп айту жаңсақ болар, Вашингтон университетінің ғалымы Луис Сезе сынды доценттер жаңа ДНҚ-ны зертхана синтездеп, мысалы, бір кітап көлеміндей ақпаратты жазып, үйренген.

Соңғы зерттеулерді қарасақ, америкалық ғалымдар сөйлеу және тілді меңгеруге байланысты FOXP2 генінің Homo sapiens эволюциясына ешқандай қатысы жоқ деп тапты. «Бұрын ДНҚ-ның бұл бөлігі неандертальдар мен Homo sapiens түрлерінен адамға айналуда басты артықшылық болып саналған» деп жазады «Cell» ғылыми журналы.

Палеонтолог зерттеушілер ең алғаш маймылдан адам пайда болғанына 200-300 мыңдай жыл десе, «Жақында Қытай елінде жүргізілген қазба жұмыстарында қазіргі адамнан айнымайтын адам бейнелері табылған. Өмір сүру уақытын талдағанда 2 миллион жылдан астам екен» деп «Nature» ғылыми журналында жарияланды.

Бұл Дарвин теориясын АҚШ, Үндістан, кейбір Еуропа елдері, яһудилер, ал мұсылман елінен Түркия мектептегі оқу бағдарламасынан алып тастаған.

Қорыта айтқанда, саналы адам «адам маймылдан жаралған» дегенге сене ме, қоғам өзінің ұрпағына «адамның арғы тегі – маймыл» дегенді сіңіре ме?!... 8-9 сынып оқулықтары арқылы Дарвин ілімін наихаттау жөн емес. Мәдениетіміз бен тарихымызға сәйкес емес жалған фальсификацияланған ілімді мектеп қабырғасының базистік қатарына енгізу дұрыс дүниеге жатпайды. Болашақ ұрпағымыз қашанғы жалған іліммен сусындамақ?  

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 18 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: