11:42
Ислам және медицина

ТОПЫРАҚ vs МАЙМЫЛ

Қазіргі біздегі барлық орта мектептерде, колледждерде және ЖОО-да жаппай оқытылатын жалған ілім бар. Жай ғана бір мысал. Оқу-ағарту министрлігі ұсынған жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған «Биология» оқулығында: «Чарльз Дарвиннің «табиғи сұрыптау» теориясы бойынша адамның арғы атасы – маймыл. Бүгінгі біздер эволюциялық сұрыпталу барысында осындай күйге жетіппіз. Нақтырақ айтқанда, тіршілік үшін күресте кім күшті сол тірі қалып отырған», - деп жазылған. Дарвиннің анықтамасы адамның пайда болуы мен адам тәрізді маймылдар тегінің біртұтастығын көрсетіп, эволюциялық даму бағытына сілтеме жасаған.

Дарвиннің бұл теориясы дін ілімін мойындамау үшін пайда болған. Дарвин теориясын діни сауаты жоқ адамдар немесе дінге қарсы жандар ғана қолдайды. Шын мәнінде, жаратушы ол – Алла.

Алла Тағала Құран Кәрімде: «Адамды Біз топырақтың ең асылынан жараттық. Одан соң оны ұрықтың тамшысына айналдырып, өте сенімді орынға (жатырға) орналастырдық. Одан әлгі ұрықты ұйыған қанға айналдырдық. Ұйыған қанды бір жапырақ етке айналдырдық. Бір жапырақ етке сүйек бітірдік. Оған ет қондырдық, оған жан кіргізіп, басқадай жаратылысқа айналдырдық. Аса шебер Жаратқан Ие барынша ұлы», - дейді (63:12-14).

Теория деген сөз болжам дегенді білдіреді. Егер оқушыларға үйрететін болсақ, бір ғана болжамды үйретпей, басқа да болжамдармен таныстыру міндет. Эволюциялық теориядан бөлек, «креационистік» теория да бар. Ол теория бойынша жаратушы бір күш бізді жаратқан делінген. Ол теорияның да әлемде қолдаушылары мен зерттеушілері бар.

Тарихта осы жалған ілімді тарату мақсатында кейбір заттарды қолдан құрап, әдейі адастыру мақсатында жасалынған дүниелерге әбден көзіміз жеткен. Егер сол теория рас болса, неге қазір маймылдан адам жаралмайды? Неге хайуаннан адамға айналу процесі миллиондаған жылдарға созылса, сол уақыттағы нақты аралық түрлер табылмайды? Осы сынды сансыз сауалдарға әлі жауап жоқ.

Бір қызығы, Чарльз Дарвин өз еңбегінің бір жерінде маймылдан адам пайда болды деп айтпаған да жазбаған. Көптеген ғылыми зерттеулер әлі де болсын бұл болжамның қауқарсыз екенін дәлелдеп жатыр. Ғылыми мақалалар да жазылып жатыр. Осы дарвинизм теориясына ең үлкен соққы – адамның генетикасын зерттеп, ДНҚ және РНҚ құрылымдарын ашқан бетте бұл теория тіпті күйреу керек еді. Ген турасында: «Әрқайсысымыз ешқашан қайталанбайтын бірегей генетикалық эксперимент болып табыламыз», - дейді мінез-құлық генетикасы саласындағы жетекші сарапшылардың бірі Роберт Пломин. Тіпті сол ата-аналардың балалары бірдей гендердің жиынтығын алатын болса, тіпті 64 триллион мүмкіндіктен тек біреуі ғана сол мүмкіндікті теңестіреді. Ерекше жағдайлар егіздер саналады, бірақ генетикалық жиынтығында жүз пайыздық ұқсастық жоқ. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 21 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: