11:37 Ислам және медицина | |
ШАРАП vs ХАРАМ Исламда спиртті ішімдіктің қай түрі болсын, қай мөлшерде болса да харам. Бірақ медицина ғылымы осы «сиқырлы» сусынның пайдалы жағы да барын айтуда. Үнемі түскі ас алдында аз мөлшерде шарап ішу жүрек-қантамыр ауруларынан болатын инфарктың алдын алады деп жариялады ғалымдар. Белгілі ағылшын кардиологы, дәрігер Уильямның айтуынша, күніне екі бокал қызыл шарап ішетін жандарда жүрек талмасы 50%-ға азаяды екен. МакКрэйдің айтуынша, соңғы 10 жылда ол 10 мыңнан астам науқасқа инфарктың алдын алу үшін қызыл шарап ұсынған. Айтпақшы, дәрігердің өзі шарапты жиі ішетін көрінеді. Бұл идея Франциядағы «инфаркт» жағдайларына статистикалық талдау жасаған кезде пайда болды. Жасөспірім кезден қартайғанға дейін шарап ішу әдеті жалғасатын бұл елде жүрек-қантамыр ауруларының саны Англияға қарағанда әлдеқайда төмен екендігі анықталған. Осы сынды «шараптың еш зияны жоқ, керісінше пайдалы» деген тұрғыдағы ғылыми мақалар шаш-етектен. Осы турасында: «Алла Тағала харам болған нәрселерде сендерге шипа жаратпаған» деген Имам Бұхариден жеткен хадисте бір қарағанда ғылым мен дін арасында қарама-қайшы ұғым бар ма деген ой туындайды. «Пайдалы екені тәжірибемен белгілі болған харам заттарды зәрулік, қажеттілік жағдайларда дәрі ретінде қолдану харам болмайды» (Рәддул Мухтар) деген түсінікке сай шарапты тек зәру жағдайда ғана ішу дұрыс, ал медицинада пайдалы екен деп, салынып іше беру діни тұрғыда құпталмайды. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |