23:53 Ислам және медицина | |
ЕКПЕ (ВАКЦИНА) ЖАЙЫНДА СҰРАҚ-ЖАУАП Сұрақ: «Жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды емес пе», науқастар неге онда екпенің салдарынан түрлі ауруларға душар болдық деген азаматтардың да мұң-зарына, айтқан уәждеріне қалай құлақ аспаймыз? Бұл жердегі жауапкершілік кімнің мойнында? Бұл жердегі жауапкершілік кімнің мойнында? Яғни, екпенің әлі де біз білмейтін жағымсыз әсері бар ма? Әлде дәрігерлердің шалалығынан ба? Жауап: «Екпеден кейін болды» деген әрбір жағдай қоғамдық денсаулық сақтау комитетіне шұғыл хабарлама ретінде түсіп отырады екен. Әр өңірде құрылған арнайы комиссия бар, олар сол жағдайды медициналық тұрғыда мұқият зерттегеннен кейін қорытындысын шығарып отырады. Бүгінгі күнге ол жағдайлардың ешқайсысы «екпемен байланысты» болғанына дәлелденбепті. Әрине, балалардың организмі әртүрлі болатындықтан, оларға да екпе әртүрлі әсер етуі бар. Екпе жасалғаннан кейін орталыққа түсетін хабарламаның көпшілігі екпеден кейін орталыққа түсетін хабарламаның көпшілігі ем-домсыз бұған дейін айтқан реакциялар екен, бірақ бұлар ем-домсыз өзінен-өзі жазылады екен. Сұрақ: Екпе алмасақ не болады? Жауап: Екпені алмағанның кесірі бірден тиеді, бірден тимесе де кейін міндетті түрде тиеді. Өлім-жітім ертелі-кеш қайтыс болу актілері көбейеді, неше түрлі дұқпалы аурулардан болатын зақымданулар жоғарылайды, салдану не мүгедектер (инвализация) қаптайды. Жұмысқа қабілетсіз, әлсіз, әлжуаз ұрпақ дүниеге ерте келіп, ерте қайтады. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |