11:19
Ислам және медицина

ЕКПЕ (ВАКЦИНА) ЖАЙЫНДА СҰРАҚ-ЖАУАП

Сұрақ: Екпенің өзіне келетін болсақ, екпені не үшін алады, ол неден жасалынған, құрамында не бар?

Жауап: Адамға аздаған мөлшерде екпе енгізілу арқылы ағзаға зиян келтіретін белгілі бір инфекцияларға, ауруларға, микробтарға төтеп бере алатын жасанды иммунитет қалыптастыру керек. Сол кезде тарихтағыдай обадан мыңдап қырылғандай, қойша қырылмайды. Вакцина құрамы – сол микроорганизмдерден, яғни бактерия, вирус, микробтан жасалған препараттар. «Уды у қайтарады» демекші, екпенің өзі микробқа қарсы микроб болып тұр ғой. Екпелер тірі және өлілерге (жансызға( бөлінеді. Вакцинаның тұрақтылығын және стерильдігін қамтамасыз ету үшін оның құрамына сынап пен қорғасын кіреді, алайда өте аз мөлшерде. Ол мөлшердің екі есесін қала тұрғындары ауадан күнде алуда.

Сұрақ: Коронавирусқа қарсы екпе неден жасалынған?

Жауап: Адамның аденовирусының бөлшегінен жасалынған. Оның құрамында сынап не қорғасын сынды заттар жоқ екен.

Сұрақ: Корона вирусқа қарсы екпенің құрамында арам зат бар ма?

Жауап: Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының www.fatua.kz ресми сайтынан оның құрамында арам зат бар ма, коронавирустан алатын екпе халал ма деген сұраққа құрамында шариғатта тыйым салынған нәрселер болмаса, болады деген жауап алдық. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 11 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: