11:47
Ислам және медицина

ЕКПЕ (ВАКЦИНА) ЖАЙЫНДА СҰРАҚ-ЖАУАП

Сұрақ: Кейбір адамдар, тіпті арасында Ислам шариғатынан дәлелдер келтіріп, діни себептермен екпеге түбегейлі қарсы екендіктерін көрсетіп жатқан жағдаяттар да жоқ емес. Сондай қарсы тараптың қандай себептермен қарсы шығып жүр?

Жауап: олар дінді желеу етіп, «Екпе жасату – тағдырға қарсы шығу»; «Вакцинация – шайтанның зәрі»; «Екпе егу – Аллаға тәуекел етпеу»; «Құрамында шошқа қаны мен сарысуы бар» немесе «Екпе – харам хайуандар қанынан жасалған» сынды сөздерді жиі айтады.

Сұрақ: адам құқытарын қорғау департаментінің мәліметіне қарасақ, «баласына екпе салдырпай отырғандардың көбі дінді сылтау ететіндер» деп келтіреді екен. Расымен дін қарсы ма? Шариғат не дейді? Қандай пәтуа бар?

Жауап: Вакцина (екпе) егуге Ислам шариғаты негізі қарсы емес. Екпе салдыруға біздің елімізде ресми түрде ҚМДБ-ның (Қазақсатн мұсылмандары діни басқармасы) ғұламалар кеңесінің шешімі бойынша қарсылық жоқ. Сонымен қатар, Мысырдағы әл-Азһар Ислам университеті жанындағы ғұламалар кеңесі, Ислам Конференциясы ұйымына қарасты Ислам фикһ кеңесі ғұламалары, Марокко мен Сауд арабиясы корольдігінің ғалымдар кеңесі түрлі жұқпалы аурулардан сақтану үшін вакцинациялық екпеге жүгінуге болады деп пәтуа шығарған. Аталмыш ресми діни мекемелердің ғалымдары мәселеге байланысты діннің екі негізінің бірі – хадистерге қияс (ұқсатып) қылып жүгінген. Хадисте Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кімде-кім таңертең «ажуа» құрмасынан жеті данасын жейтін болса, ол сиқырдан және уланудан аман болады», - дейді. Бұл құрма уланудан адамды қорғайтын болса, демек ол адам иммунитетін күшейтетін дәрумендерге бай болғандығы. Екпені де түрлі вирустардан сақтану үшін, адамның иммунды әлеуетін көтеру мақсатында егеді. Сондай-ақ, пайғамбарымыздың дүние есігін жаңадан ашқан нәрестеге қатысты жасалатын сүннеттеріне зер салсақ, қазіргі күннің екпесіне ұқсас амалды көруге болады. Ол да болса «тәхник» сүннеті. Яғни, нәрестенің әкесі немесе ізгілер қатарынан деп саналған бір кісі өзі шайнаған құрманың сөлін алып, баланың таңдайына жағып, ары-бері жүргізеді. Үлкен адамның сөлінде аз мөлшерде микробтардың болатындығы белгілі. Осылайша түрлі микроб-вирустарға қарсы иммунитеті жасанды түрде (қолдан) күшейтіледі. Айта кететін жайт, ниет еткен адамдар Меккеге қажылыққа барардың алдында түрлі ауруларға қарсы екпелерді қабылдайды. Демек, «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеу» қажеттігін шариғат та мойындап отыр.

Сұрақ: Басқа да бас тартқан себептер бар ма?

Жауап: Инстаграм парақшада 1500-ге жуық адам қатысқан сауалнамада көбісі екпеге жалпы сенбейді, өзіміздің отандық вакцинаға да көрші орыстардың вакцинасына да ала көзбен қарап күдіктенеді. Жұртты жартысы екпенің пайдасы зор деп медицина саласының мамандары байбалам салып жатса, енді бірі зиян деп шулап, екі тарап та пікірлерін алға сүйреп жатқан оқиғаларды көрген, екі жақтың таласы мүлдем түсініксіздеу көрінен, медициналық терминдерді түсіне бермейтін, діннің де талаптарын толық ұқпайтын адамдар да бас үрей мен қорқыныштан бас тартады. Қалған жартысы екпе салдарынан, кері әсерінен өліп қаламыз деп қорқады. «Адам білмегеннің жауы» демекші, адамдарға дұрыс, нақты, толыққанды әрі қолжетімді ақпараттың аздығынан деп ойлаймыз.  (жалғасы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 26 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: