23:00 Ислам және медицина | |
АЛЛАНЫҢ АНТЫ vs ГИППОКРАТ АНТЫ Гиппократ анты – медицина қызметкерлерінің қызметке алғаш кірген уақытта беретін моральдік-этикалық анты. Мәтінін Гиппократтың өзі жазған. Алғашқы дәрігер саналатын Гиппократтың серті дәрігерлердің ортақ заңына жатады. Гиппократ антының түпнұсқасының негізі ежелгі грек тілінде жазылған. Бұл заңды барлық медицина қызметкері І курста оқуға түскенде немесе оқу бітіріп диплом алғанда айтады. Қазақша аударылған мәтінін оқиық: «Апполон дәрігердің, Асклепи дің, Гигиел мен Панакеяның және түрлі тәңірлер мен тәңіриялардың атын атап, оларды куәға тарта отырып, мына серт пен жазбаша шартты шама-шарқымның жеткенінше адал орындауға ант етемін: өзіме дәрігерлік өнерді үйреткен кісіні ата-анаммен бірдей көремін, оған барымды бөліп беремін, әрі қажет жағдайда оның жоғын табуға көмектесемін; оның ұрпақтарын бауырларым деп есептеймін, егер олар осы өнерді үйренгісі келсе, оларға тегін әрі ешқандай шарт жасаспай-ақ сабақ беремін; оқу үстінде айтар ақылымды ауызша сабақтар мен ілімдегі қалған жайлардың бәрін өз балаларыма, ұстазымның балалары мен медицина заңы бойынша серттескен, ант беріскен шәкірттеріме хабарлаймын, басқа жанға айтпаймын...» деп кете береді. «...Антты бұлжытпай орындағаным үшін өмірде де, ілімде де бақытты болып, ел арасында мәңгілік даңққа бөленемін; жалған ант беріп, қылмыс жасағандарды ант атсын», - деп ант аяқталады. Негізі, біз бұл жерде тек бір ғана сөзді талқыға саламыз, ол да діни тұрғыда. Дегенмен, қазіргі таңда бұл анттың заңдылықтары қайбір мемлекетте толығымен орындалып жатқаны шамалы. Мысалы, антта жасанды түсік жасалмау керектігі, эвтаназия да жасалмау керектігі жөнінде ант қабылданған, бірақ бұл анттың баяғыда бұзылғаны бәрімізге белгілі. Енді, осы антта Алладан басқа біреудің атымен ант етілген. Бұған ислам дінінің көзқарасы қалай? алладан басқа біреудің атымен ант ету шариғатымызда – ширк (Аллаға тең біреу бар деп сену) болып саналады. Алланың елшісі былай деген. «Кім Алладан өзге нәрсемен ант етсе – ширк жасағаны» (Әбу Дәуд 325), Тирмизи 1535, Имам ахмәд). Кімде-кім Алланың атымен ант етпей, керісінше басқа жаратылған бір нәрсемен ант етіп қойса, сол серік қосқан болып саналады. Осы орайда орынды сұрақ туындайды: осы ант беру керек пе әлде анттан бас тарту керек пе? Бұл жерде өгізді де өлтірмейтін, арбаны да сындырмайтын жол керек. Ол «Қазақстан Республикасы дәрігерінің анты». Қазақстан Республикасы Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы заңнаманың 177-бабында Қазақстан республикасы дәрігерінің анты жазылған. Мәтіні былай: «Дәрігердің құрметті атағын ала отырып, өз ұстаздарым мен әріптестерімнің алдында өзімді азаматтардың денсаулығын сақтауға...» деп басталып «...оларды құрметтуге ант етемін» деп аяқталады. Мәтінде ешқандай Құдайдың атын айтып ант берудің қажеті жоқ. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |