10:19 Ислам және медицина | |
ӘЛ-ЖӘСУМ vs ҰЙҚЫ ПАРАЛИЧІ Медицинада ұйқы параличі, ұйқыдағы ұстамалар секілді түсініктер бар. Дәрігерлердің айтуынша, олар физиологиялық (қалыпты) жағдайлар болып саналса, нейробиологтар бұл жағдайды мидағы «түчпен өңді» реттейтін функцияларға байланысты дейді. Белгілі психолог Том Стаффорд: «Мидф өз құзырына бағындыру үшін ұйқы мен өң арасындағы бақталастық салдарынан болатын жанама әсер», - деп түсіндіреді. Сол ұйқыдағы ұстама не тырысулар туралы Ибн аль Манзурд «Лисан аль-Араб» атты шығармасында: «Түн баласы болғанда ұйқыдағы адамға «әл-Жәсум» атты жын келіп қонады екен», - дейді. Оны парсы лұғатында «кабус», арабтарда «инкуб», «әл-барук» десе, қазақтар «албасты», «қара басты», «ақ пен қара таласу», «пері қағу», «жын соғу», «бастырылу» деп аатған. Орыстарда бұл «синдром старой ведьмы» делінген. Әбу Әли ибн Сина да «әл-Жәсум» жайлы біраз деректер қалдырған екен. Оның «Канун» атты еңбегінде: «Жәсум сондай-ақ «әл-ханик» деп аталады екен, ал араб тілінде ол сондай-ақ «әл-ясум» не «ән-найдалян» деп те аталады. Әл-Кабус адам ұйықтап жатқанда үстін басып, оны қысып, тынысын тарылтып, тұншықтырады екен де, адам сөйлеуге не қозғалуға қабылетсіз болады. Ол босатып жібергенде, адам бірден оянып, өз қалпына келеді. Бұл жағдай артық тамақтанғаннан, ауыр физикалық жұмыстан кейін, созылмалы стресс пен үнемі депрессияда жүруден, ұйқы режимінің бұзылуынан болады. Ал егер «кабус» арқаға жатқанда пайда болса, кейде ауыр кеселдердің алғышарты болады. Мысалы, эпилепсия, апоплексия (қан кету) немесе мания. Заманауи дәрігер Хассан Шамси Баша «Наум уәл-Арак уәл-ахләм» атты еңбегінде «кабусты» екі категорияға: уақытша және рецидитивті (кезең-кезеңмен қайталанатын) деп бөлген. Алғашқысы физиологиялық жағдайларға байланысты болса, соңғысы жын кіруге байланысты екен. Кейбір дәрі-дәрмектер:
Жалпы мұсылман ғалымдар бірауыздан «әл-Жәсум» түсінігін жоқа шығармайды. Бірақ материализм платформасына негізделген медицина ғылымы мұны әсте мойындамас. Сол үшін Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ұйқыға жатар алдында дәрет алып, Алланы еске алып, оң жақпен жатуды құп көрген. Сахаба Әбу Хурайра күзетте тұрғанда бір ұрыны ұстап алады, әлгі адам Әбу Хурайраға бостандық сұрап, ақысына пайдалы сөз үйрететінін айтқан. Сондағы айтқаны: «Әр түн жатар алдында Аятүл-күрсіні оқысаң, арнайы періште келіп, оянғанша қорғайды». Ертесінде осы оқиға Пайғамбар (с.ғ.с.) құлағына жеткенде, оның шайтан екені анықталған. Қу сайтан бұл жолы бар шындығын айтыпты (Имам Бұхари). Шынтуайтына келгенде, жын-шайтанның арбауына түсіп қалудың қаншалықты қасірет екенін біреу білсе, біреу білмес. Жаратушы иенің құлдарын азғыруға дайын тұратын осы бір пәлекеттерден сақтану жолдарын әрбір мұсылман біліп, қорғанып, Аллаға иман келтіруі тиіс. Сонда ғана себеп-салдарсыз ауру, бәле-жаладан аулақ боламыз. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |