10:56
Ислам және медицина

ШИЗОФРЕНИЯ vs ЖЫН КІРУ

Шизофренияның туындауына не себеп? Оның пайда болу себебі әлі күнге дейін толық зерттелмеген. Дегенмен, осы уақытқа дейінгі зерттеулерге сүйенсек, дерт тұқымқуалаушылықпен қатар, сыртқы факторлардың әсерінен туындайды. Қатал тәрбие, ата-ананың қатаң бақылауы мен жасөспірім шақтағы әрі бала босанғаннан кейінгі гормондық өзгерістер шизофренияға әкелуі мүмкін. Ішімдікті үздіксі пайдалану да – шизофренияға алып келетін сыртқы фактор.

Шизофренияның емі бар ма? Онымен күресу оңай емес. себебі түрлі тыныштандыратын дәрілер мен белсенді психикалық дәрілер (транквилизаторлар мен нейролептиктер) көмегіне сүйенуге тура келеді. Бірақ олар дерттен толықтай арылтады деп айту қиын. Дәрілік емнен басқа да түрлері баршылық. Бұл емнің өзі тастапқы кезеңде ғана көмектеседі. Ал ауру адамды түгел дилеп алғаннан соң онымен күресу мүмкін емес. тарихта талай атақты шизофрениктер болған деседі. Есімі мен еңбегін әлем білетін біраз атақты адамның бойында осы бір қорқынышты дер тболған. Мысалы, Винсент Ван Гог – әйгілі нидерланд суретшісі, ол өзінің көптеген картинасын осы ауруға шалдыққаннан соң салған. Зерттеушілер орыс жазушысы Николай Васильевич Гогольдің шизофрениямен ауырғанын растайды. Өйткені сол уақыттағы жазбаларға сүйенсек, оның құлағына түрлі дыбыстар естіліп, галлюцинацияларды жиі көретін болған. Исаак Ньютонның өзін зерттеушілер осы қатарға қосты. Керемет математик-физиктің көңіл-күйі сағат сайын ауысып, адамдармен араласпаған. Америкалық атақты математик Джон Нэш те осы дерттен зардап шеккен. Бірақ соған қарамастан математик өз саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты атанған. Голливуд оның өміріне байланысты кино түсіріп, Оскар сыйлығын алған. Жалпы ақын-жазушылардың, суретшілердің, философтардың, басқа да ғалымдардың біршамасы осы ауурмен арпалсқан екен.

2014 жылы медицина ғылымының профессоры кемал Ырмақ деген түркиялық дәрігер немістердің «Дін және денсаулық» деген ғылыми журналына шизофрения жайлы мақала ұсынған. Мақаланың тобықтай түйіні «шизофрения – адамға жын кіруден болады» деп жазады. Сол мақаладан кейін әлемнің ғалымдары шулап, соңы дау-дамайға ұласады. Кейбір ғалымдар ғылымды қорладың десе, кейбіреулері Ырмақтың пікірін күлкіге айналдырды. Тіпті ортағасырға сапар шектіріп, жалған ақпарларды айттың деп жала жапты.

Енді осы орайда өз нұсқамыз бойынша, шизофренияның пайда болу себебін «жын кіру» деп жорамалдадық. Бұған дейін айтылғандай, императивті галлюцинациялар жынның сыбырлауы емес пе?

Аталған жаман рухтар мен жындар шын мәнінде адамдарға қастық жасау ниетте болады. Күллі жамандықтың астарында осылардан келген зардаптар бар. Мінез-құлқы, ерік-жігері және жан дүниесі өте әлсіз адамдарға әсер етіп, оларды өзіндік жаман мақсаттарына қолдануда. Осындай тұзаққа ілінген жандардың аянышты халін медицинада «паранойя», «шизофрения» т.б. атау бергенімен, бәрібір емдей алмайды. Расында да, түрлі жындану оқиғасының астарында жындар мен азғын аруақтар тұр. Бір таңғаларлығы, мұндай сырқаттар көбіне дұға оқу арқылы жазылып кетіп жатады.

Орыстардың православиялық сайттарын ақтарғанда психикалық ауытқулар мен жанның ауруларын көзге көрінбейтін көмескі дүниелермен байланыстырған. «Жын», «шайтан», «демон», «дьявол» деген секілді паранормалды құбылыстар, метафизикалық жағдайлар, сиқырлық, экстрасенсорикалық қабылдау, астрология, уфология, эзотерика сынды дүниелерге өздері бой алдыратынын жарыса жазуда. Жындар әлемі мұсылмандар үшін көзден тыс болса да, көңілден тысқары емес екені белгілі.

Енді неге Батыс оған түбегейлі қарсы? Себебі орта ғасырларда ғылым мен білім әлі толық дамымай, аяқтан тұра алмай жатқанда, шіркеудегі шешімдердің жүріп тұрған заманы еді. Қандай да болсын бір ғалым ағартушылық танытып, жаңалық ашса, басы кесілетін. Олардың ашқан жаңалығы, ағартушылық жұмыстары, өмірді өзгертуге деген талпыныстары шіркеу тарапынан «жын кіру» деп бағаланып, сол мезетте жазаланатын. Оған мысал, Дж.Бруно, н.Коперник, Г.Галилей сынды ғалымдардың сотталып қудалануы. Ол «инквизиция» деген атпен тарихта әбден есте қалған. Міне, сол жарадан қалған тыртықтай материалист әрі атеист Батыс қандай да болсын рухани тұрғыдан ғылымға саралау жасаса, бірден өре түрегеліп, қарсы шығатыны содан. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 52 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: