08:41 Ислам және медицина | |
АЯҢДАП КЕЛЕТІН АЖАЛ Көңілге жақын болса да көзден тыс рухани жан-тәнімізді шетелдік ғалымдардың тынбай тексергені мәлім. Енді «адамның жаны кванттық, субатомдық деңгейде жасырын болуы мүмкін» деген тұжырым пайда болды. Белгілі британдық физик сэр Роджер Пенроуз: «адамның жаны жасушалардың (клетка) ішінде микротүтікшелерде сақталғанын және сақтаушы өлгеннен кейін жан денені тәсілім етеді», - деп мәлімдеді. Ғалым былай деп түсіндірді: «бұл – кванттық ақпарат, тамымалдаушы жоғанған кезде, әлемге таралады, бірақ дәрігерлер адам өмірін кері қайтарған кезде ол ақпарат жасушаларға қайтып оралады». Роджер пенроуздың нәтиежелері мюнхендегі Макс планк фмзмка институты әріптестері тарапынан қолдау тауып, олар да кванттық жан туралы мәселені зерттеген. Осы беделді ғылыми орталықтың мамандары адамның бұл дүниеде тән өлімінен кейін шексіз өмір күтетінін айтуға мәжбүр болды. Институттың бұрынғы жетекшісі, дәрігер Ханс-Питер Дюрр былай дейді: «Қазіргі өзіміздің тұрып жатқан әлем түсінікті материалдық деңгейде бізге ұсынылған, ал сырттағы әлемде әлдеқайда үлкен шексіз шындық бар. Дене өлгеннен кейін рухани кванттық өмір бар, осы тұрғыдан адамдардың жаны өлмейді», - дейді дәрігер Дюрр. Стэнфорд университетінің ғалымдары өлім жасушаларының процесін, дәлірек айтқанда, , өлімнің таралу механизмін анықтады, тіпті минутына 30 микрометрді немесе сағатына шамамен 2 миллиметрдей өлшеуге мүмкіндік алды. Әрбір жасушада бағдарламаланған өзін-өзі жою процесін (апоптоз) тудыратын сигнал толқын түрінде таралады. Оған, мысалы, ормандағы өрттің өршуі мен домино әсерін салыстыруға болады дейді америкалық ғалымдар. Мұндай толқын тоқтамайды, өйткені ол үнемі қосымша серпін алады және тізбекті рекация тудырады. Жүйке клеткаларының ішіндегі электрлік сигнал да осындай жолмен таралады, бірақ бұл механизмнің апоптозға қатысуы тосынсый болды. «Мен бұл туралы барлық оқулықтарда тез арада жазады деп ойлаймын», - дейді авторлардың бірі биохимик джеймс Феррелл. Хазірет пайғамбар (с.ғ.с.) хадистерінде ана құрсағындағы даму былай баяндалады: «шүбәсіз, сендердің пайда болуларың ананың құрсағында қырық күнде жинақталады. Сосын ол жерде сондай уақыт ішінде ұйыған қан болады. Сосын сондай бір уақыт ішінде бір жапырақ етке айналады. Соңынан періште жіберіліп, оған рух салынады. Періштеге төрт сөз әмір етіледі. Бұлар: дүниеге келетін баланың ризығын, өмір сүретін уақытын, істейтін амалдарын, дұрыс жолда (жәннаттық) немесе теріс жолда (жәһаннамдық) болатындығын жазуы» (Бухари, Бәдул-Халқ, 6. Әнбия: 1.Қадар: 1.Муслим, Қадар, 1; әбу Дәуіт, сунан, 16). Осыған байланысты қазақ аңызында періште жатырдағы балаға келіп, танауы арқылы рух үрлейді екен, ала ажалы келіп, жанын алар кезде ауыздан суырып алады екен. Аяқтан бастап дене суып, адам бойындағы жан ауызға келіп тіреліп, содан періште жан тапсырып жатқанда ауызы ашылып, жағы қарысып, шығып бара жатқан жанға ең соңғы мәрте өзі куә болып, көзі бадырайып кетеді екен. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |