22:02
Ислам және медицина

АЖАЛ АЙТЫП КЕЛМЕЙДІ

Иә, ажал айтып келмейді. Күтпеген жерден, тосын уақытта келеді. АҚШ, Канада және Еуропа елдерінен барлығы 1896859 адам қатысқан 48 зерттеуді талдау нәтижесінде «адамдар жиі түнде және демалыс күндері жүрек-қан тамыры ауруларынан өледі екен» деген қорытындыға келді.

Осы орайда айта кетітін жайт, тәһәжжуд намазына тұрып дағдыланған адам жүрек-қантамыр дерттерінен ада болады екен. Медицинада түнде ұйқыда жатқанда қалыпты жағдайда адамның артериалды қан қысымы 10 мм.с.б. бойына азаяды, жүрек соғу жиілігі 10 дүрсілге кемиді, тыныс алуы 1-2 демге баяулайды және дене қызуы 1,0*С-ке түседі. Осы сәтте бұлшықеттер босаңсып, қан тамырлар кеңейіп, қан өте баяу аға бастайды. Жүрек өз кезегінде қан айдайтын насостық функциясын пассивті атқаратындықтан, қанның тамырда тұрып қалуы мен ұюына қолайлы жағдай туады. Түн жарымында, әсіресе, жасы ұлғая бастаған адамның ұйқыдан тұрып дәрет алып, намаз оқып, Аллаға құлшылық етуі қан айналысын қалпына келтіріп, ағзаға тың күш-қуат беріп, тән мен жанға жеңілдік сыйлайды.

Ажал біз ойламаған сәтте келеді. Әсіресе, өмірдің бел рақатына бойлап бара жатқанда жетеді. Оған көптеген Голливуд жұлдыздарының есірткі қолданып, ішімдікке тым қатты салынып кетулері мысал бола алады. Немесе Израильдегі екі қабатты мейрамхананың той үстінде жер астына түсіп кетуі ғаламтрода жаппай таралғаны мәлім. Тіпті кейбір зерттеулерде адамдардың өлім-жітім саны өз туған күнінде көбейеді екен.

Осыған байланысты Алла Елшісі (с.ғ.с.) былай деген: «Ләззаттарды күйретуші әрі ауызды қуырушы (дәмдерді жоғалтушы( өлімді жиі еске алыңдар!» (Тирмизи).

(Мұхаммед оларға): «Расында, сендер қашқан өлім сөзсіз сендерге жолығушы, - деп айт» (62:8).

«Ешбір жан ертең не болатынын білмейді, ешбір жан қай жерде өлетінін білмейді. Шындығында, Алла – бәрін Білуші һәм Хабардар» (31:34).

«Қайда болсаңдар да сендерге ажал жетеді, тіпті, тұрғызылған мұнараларда болсаңдар да» (4:78).

Қарап отырсақ, әлемнің ауқатты адамдары ұзақ өмір сүрудің жолдарын тынбай іздестіруде. Мәселен, Орифлейм компаниясының директорлары көптеген зауыттарында біраз ғалымдардың көмегімен адамның өмір жасын ұзартып, мәңгі өмір сүруші ететін дәрі не зат ойлап тапқылары келеді. Сол үшін қыруар қаржы бөлуді де аямайды. Сөйтіп Алланың әміріне, ажалға қарсы жүрмекші. Әсте олай бола қоймайды ғой. Америка құрлығының егде жастағы азаматтары жас адамдардың қанын өздеріне құйдыруды құп санаған. Олардың бұлай істеуіне не себеп болған десеңізші? «Жасым ұзарып, тірі жүруім мүмкін» деген үміт. Адам баласы қанша сақтансын, бәрібір белгіленген жерде, белгілі мерзімде Алланың өлімі жетеді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 58 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: