09:19 Ислам және медицина | |
КЕНЕТТЕН БОЛАТЫН НӘРЕСТЕ ӨЛІМІ мен ШІЛДЕХАНА Статистика бойынша, нәрестелердің шетінеуі Еуропа мен Америка елдерінің тұрғылықты халқында көп кездесетіні анықталды. Әсіресе басқа дін өкілдерінде. Мұсылман емес отбасында туылған шақалақ өз отбасының тура дінде жүрмегендігін сезгендіктен, дүние есігін аша сала Аллаға кері қайтады-мыс. Сәби мұсылман болып туылғанымен, болашақта ата-анасы мен отбасының дінін қабылайтынын сезген. Ол нәресте саф алтындай таза діңгегінен – дінінен айырылмайтындығын, өзінің әлмисақтағы уәдесін бұзғысы келмейтіндігін дәлелдеген деп болжадық. Қазақтың ата дәстүріне олу жасау арқылы анықтайық. Бала дүние есігін ашқаннан кейін жасалатын ең алғашқы той – шілдехана. Мәні нәрестені қорғап, «күзету» деген сенімге саяды. Сондықтан оны «Шілде күзет» деп те атайды. Бұл ғұрыптың түпкі мағынасы бала мен ананы тіл-көзден сақтау, қорғау дегеннен туындаған. «Чілле» парсы тілінен аударғанда «қырық» деген мағынаны береді. Дәстүрлі қазақ қоғамында сәби үшін туғаннан 40 күнге дейінгі уақыт қауіпті кезең саналған, оған дейін нәрестеге көп адамды жолатпай, бала мен анасын жақсылап күткен. Ал әлгі аяқасты ажал (СВДС) зерттеулерде көрсеткендей нәрестенің 2-4 айлығы аралығында көп тіркеледі екен. Бұл мерекеде алыс-жақындардан сүйінші сұрап, туыс-тумасы нәрестелі үйге «бауы берік болсын» айтып, сыйлықтарын беріп, адал ниетпен Пайғамбар айтқан «жарты құрмамен болсын тозақ отынан қорған» ұранын жандандыру ырымын жасайды. Дүниеге келгеніне қырық күн толғаннан кейін сәбидің шашы, тынағы алынады. Алдымен баланы 40 қасық суға жуындырады. Ұрпағы өсіп-өнген қария әже суды баланың үстіне құйып тұрып «30 омыртқаң жылдам бекісін, 40 қабырғаң жылдам қатсын» деп тілек айтып, бата береді. Бұл тойға жиналған адамдардың әрқайсысы нәрестені шомылдырған ыдысқа « Күні күмістей жарқырап тұрсын» деп күміс сақина, сырға сияқты әшекейлер салынады. Шомылдыруға көмектескен әйелдер сақиналарды өзара бөліседі. Бұл ырымдар мен жөн-жоралғылар садақа берудің тұнып тұрған жолдары екен. Садақа – пәле-жаланың алдын алатын, жоятын амал емес пе? Міне, ХХІ ғасырда ғылыми-техниканың қарыштау заманында бұл оқиға да Алла Тағала аятының әрі адамзаттың ардақтысы болған Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбар хадисінің тылсым сырларының бірі. Сондай-ақ, ересектердегі жүректің кенет тоқтауын зерттеген көптеген еңбектерде аса қауіпті аритмиялардың рөлі бар екені анықталды. Патогенезіне көз жүгірткенде, яғни мәйтті патологиялық ашулардан кейін морфологиялық субстраттар арқылы көруге болады. Осы жерде айтатын жайт, жүректің қарыншалар жыбыры (фибрилляциясы) кезінде адам жүрегі бірден хаосты түрде жиырылып, дереу клиникалық өлім сәті басталады екен. Жалпы қарыншалар жыбыры мен дірілі – қарыншалардың жеке талшықтарының үйлесімсіз 400-ден 600 рет жиырылуымен сипатталады. Электр тогының, уланудың, миокард инфарктісінің әсерінен болуы мүмкін. Науқас есінен танады, қан қысымы білінбей кетеді, пульс анықталмайды, тынысы қорыл тәрізді болады, жүрек соғысы естілмейді. Бұл жағдай 5 минуттан асып кетсе, егер жүрек-өкпе реанимациялық шаралары жүргізілмесе, онда адам қорылдап, бірден жан тапсырады екен. Ата-бабамыз: «Адам өмірге иықтап келеді, Кетерінде ұйықтап кетеді», - деп адамның өлер алдында бой жазып, кенет ұйықтап кетуін осы бір мақалмен-ақ түсіндіріп кеткен. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |