23:19
Ислам және медицина

ДҰШПАНДЫҚ

Жүрекке қатерлі факторлардың бірі – дұшпандық. Бұл кез келген адамның белгілі бір сәттерде бастан кешіретін сәтсіз эмоциясы ғана емес, сонымен қатар нашар мінез-құлқы. Адамның қаскөйлік сипатымен бұл уақытқа дейін көбінесе психолог мамандар айналысып келген, яғни осы бір жағымсыз әдет, қаскөйлік мінез-құлық психологияның зерттеуі объектісі болған. Уақыт өте көптеген зерттеулердің нәтижелері тек психикалық қана емес, жалпы соматикалық аурулардың дамуында қаскөйлік пен дұшпандықтың рөлі басым екенін растады. Қаскөйліктің психологиялық, физиологиялық, биохимиялық, тұқым қуалайтын және басқа да механизмдерін зерттеу физикалық және психикалық аурулардың алдын алуға және емдеуге мүмкіндік береді. Дұшпандық пен қаскөйліктің бастауында ашуға булығу тұратыны баршаға мәлім. Тез ашуланатын жандарда жүрек деген ұлпа зардап шекпей қоймайды екен. Ғалымдардың дәлелдеуінше, ашудан кейін бірнеше сағаттан соң адамдарда инфаркт пен инсульт тәуекелі екі есе артады.

«Ашулану жүйке жүйесін стресске шалдықтырып, оның реакциясына жауап ретінде асқыну береді», - дейді Нью-Йорк Медицина Орталығының профессоры Срипал Бангалур. Ыза – жүрек соғысының жиілігін жылдамдатып, артериалды қан қысымын көтереді, бұл дереу адамның денсаулығына зиянды салдарға әкелуі мүмкін», - деп жалғайды дәрігер Бангалур. Зерттеуші ғалымдар 1966-2013 жылдар аралығында жүргізілген 9 зерттеудің нәтижелерін талдаған. Зерттеу қорытындысы бойынша, ашу-ыза кернегеннен кейін екі сағаттан соң тіркелген асқынулар бойынша науқастарда – 4500 жүрек инфаркті, 800-дей инсульт және 300-ден астам жүрек аритмиясы байқалған.

Құдіреті күшті Құдай Тағала осы турасында: «Ашу қысқанда өзін ашуландырған адамның сазайын беруге шамасы жете тұрып ашуын жеңе білгендер һәм адамдарға кешірімді болғандар. Шүбәсіз, Алла (міне, осындай) ізгі жандарды жақсы көреді» - деген (3:134).

Ал адамзаттың асыл тәжі Мұхаммедтің (с.ғ.с.) айтуыша: «Егер де біреулеріңнің ашу-ызасы келсе, онда үндемесін» (Имам Ахмад).

«Біреуді жерге жығып, жеңіске жеткен адам мықты емес, бойындағы ашуына ұстамды бола білген нағыз мықты» (Имам Бухари мен муслим).

Әнас (р.а.) былай дейді: «Бірде пайғамбар (с.ғ.с.) қабірдің басында жылап тұрған бір әйелді көріп: «алладан қорық және шыдамды бол!», - деді. Ол әйел Пайғамбардың (с.ғ.с.) түрін білмейтін, сондықтан: «Мені жайыма қалдыр, саған мұндай қайғы келген жоқ қой!», - деп дауыстады. Содан кейін оған: «Бұл пайғамбар ғой! Танымадың ба?», - дейді. Сонда ол пайғамбардың есігінің алдына келіп, қызметшісінің жоқ екендігіне таңғалды. Сосын әйел оған: «Мен сені танымай қалдым!» - дегенде, Пайғамбарымыз: «Шындығында, сабырды күйзелістің басында сақтау керек», - деді (Имам Бухари, Муслим).

Әбу Хурайра (р.а.) пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) ақыл сұрағанда Алла елшісі (с.ғ.с.): «Лә тахзаб» деп, яғни «ашуланба» деп бір ауыз сөзбен жауап қайтару арқылы көптеген аурулардың алдын алғаны енді беймәлім болып отыр.

Адам ашуланып, біреумен ұрсысып, бойын ыза мен кек кернеп, ағзадағы стресс гормондары бірден максималды дәрежеге жетіп, одан кейін тынышталғаннан еш пайда жоқ. Болары болып, бояуы сіңіп қойғаннан соң өкіну емес, сол ашу кернеген сәтте өзін сабырға шақырып, қатты ашулануға жол бермей, жағдайды одан ары өршітпегені дұрыс. Осы арада ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «ашулансаң дәрет ал, су отты қалай өшіргеніндей, дәрет те ашуды кетіреді» (Имам ахмад), - дегенінде ғылыми негіз бар.

Ашу қысқан кезде адам дене қалпын өзгерту арқылы: тұрса – отыра кету, отырса – жата қалу, жатса – түрегеліп тұру секілді қимыл-қозғалыс жасау арқылы да ашу мен беймазалықтан арыла алады. Ағзада болатын ашу-ыза кесірінен көптеген гормондар, әсіресе бүйрекүсті безі гормондары – адреналин, норадреналин, катехоламиннің шамадан тыс бөліну зардабының алдын алу. Ашуланған уақыта адам ағзасындағы цитокин (жасушааралық байланыстардың процесін қамтамасыз ететін төменгі молекулярлық ақуыздық медиторлар) мөлшері артып, артрит, қант диабеті мен обыр секілді ауруларды тудырады.

Сондықтан қазақ ата-бабамыздың «ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос», - дегеніндей, қай кезде де ұстамды бола біліп, қандай жағдайда да сабырлық танытқан жан Алланың разылығына бөленеді. Ыстық эмоцияны салқын ақылға жеңдіру арқылы жүрек пен жүйкені түрлі аурулардан сақтай аламыз.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 67 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: