22:30 Ислам және медицина | |
КҮРЕТАМЫР Қазіргі күні бәзбіреулер «Алла қайда?» деп топ-топ болып бөлініп, дауласып, талас-тартысқа бой алдырып жатады. Діни көзқарастарын дебатқа не диспутқа айналдырып, халыққа дінді күрделендіріп, қиындатып көрсету жөн емес. бұл тұрғыда «Алла әрбір пенденің не істеп, не қойғанын, не ойлайтынын, болашағаны т.б. егжей-тегжейлі түгел біледі. Осы тұрғыдан қарағанда, ол әрбірімізбен бірге. Бірақ затымен емес, білгіштігімен», - деп жауап беруге болады. Құран Кәрімде: «Біз оған күретамырынан да жақынбыз» (50:16), - деген аят бар. Осы бір аят төңірегінде адам ағзасы турасында Алланың тағы бір мұғжизасы мәлім болайын деп тұр. Анатомияда «каротид түйіні» деген екі кішкене түйіншек мойын астында, тамаққа жақын орналасқан. Тарыдай ғана болған бұл түйіншек жалпы ұйқы артериясының ішкі және сыртқы ұйқы артерияларына бөлінген тұсында орналасқан. Ол қантамырмен ең көп қапталған кішігірім ғана ағза болып саналады. Адамның миына бара жатқан қанның құрамындағы оттегінің парциалды қысымын анықтауда алғашқы рөлді атқарады, яғни гипоксияның алдын алуға арналған. Өткен ғасырда шетел ғалымы Гейманс зерттеп бастаған. Орыс ғалымдары С.В.Аничков пен М.Л.Беленький каротид денешігінің өміршеңдік ерекшелігін фармакологиялық зертханада зерттеген. Олар өз тәжірибелерінде түйінге әртүрлі токсикологиялық заттар мен оттегінің аздығымен әсер етіп көрген. Қалыпты жағдайда оттегінің тапшылығынан ағза жасушалары көп зардап шегетін, бірақ каротид түйіндері оттегіні жоғалтқан сайын жанданған. Оларды күкірттік сутегімен тотықсыздандырғанда да өмір сүре бастаған. Химиялық элементтермен, соның ішінде цинкпен әсер еткенде қанды реттеу белсенділігі артқан. Ұйқы күретамырында орналасқан осы бір кішкентай түйіндер ағзаға басқа әлемнен енгізілгендей. Біздің болжам бойынша, екі иықтағы деген періште дәл сол жерде орналасу мүмкін. Сол себепті күнә көп жасаған адамда сол күретамырлары қалыңдап, бітеліп, ми мен жүрек ауруларына шалдығуы басым болуы мүмкін. Осы мәселеге қатысты тағы бір жайтты айта кеткенді жөн деп таптық. Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.( жантәсілім етерден сәл бұрын «әбхарым үзілді» дегені белгілі. «Әбхар» арабшада «күретамыр» деген мағынаны білдіреді. Бұл хадиске тсіндірме жасаған ғалымдардың көбі Алла елшісінің Хайбәрда улану оқиғасын негізге алып, ардақты пайғамбарымыздың әлгі сөзін сол оқиғаға байланыстырып түсіндірген, дегенмен пайғамбарымыздың денесіне енген удың арада қаншама жыл өткеннен кейін барып күретамырына әсер етуі екіталай. Біздіңше, Алла елшісінің сөзін басқа бір қырынан қарастырған жөн. Ардақты пайғамбырымыз сол сәтте өзінің мүбәрак тәнінен рухани денесінің бөлініп шыққанын айтқан болуы мүмкін. Осы тұрғыдан «күретамырым үзілді» дегені – «рухани денем менен бөлінді» дегенді меңзеуі деп білеміз. Міне, дәл осы сәтте Алла елшісі «Рәфиқул-ағланы» (Ұлы досын) қалады. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |