22:30 Ислам және медицина | |||
ЖАРАЛЫ ЖҮРЕК СИНДРОМЫ Жан жүрегім, жаным жеп, Жанған отқа саласың. «Анау сүйтті, бүйтті» деп, Күнде мазамды аласың, - деген Шәкәрім атамыздың бір шумақ өлеңіне зер салсақ, сабырсыздық, ашушаңдық пен күйгелектік, шектен тыс эмоция жүректі түрлі дертке бастаушы фактор. «Жүрек – көңіл патшасы» екеніне бастапқыда аса сене бермейтін ғалымдар мұны мойындады. Росток клиникасының кардиология бөлімінде (Германия) жатқан науқастардың аурулар тарихына негізделіп, зерттеу жүргізіледі. Ғалымдардың пікірінше, «шок жаңалықтар», яғни естен танар қуанышты хабар не қайғылы оқиға тсресс гормондары мен адреналин бөлінуін белсендетеді екен де, ол өз кезегінде жүрекке қан жеткізетін басты артериялардың тарылуына әкелуі мүмкін. Осы жағдайды зерттеушілер «жаралы жүрек синдромы» деп түсіндіреді кардиология кафедрасының меңгерушісі, дәрігер Кристоф Нинабер. Дәрігер Нинабердің айтуынша, «жаралы жүрек синдромы» көбіне 50-7 жастағы әйелдерге қатысты. Ғалымдар жыл сайын 30 мыңға жуық жүрек талмасымен ауруханаға жатқызылған ағылшындардың 2%-ы «жаралы жүрек синдромынан» зардап шегетінін айтады. Аурудың симптоматикасы көбіне инфарктке ұқсас: адам әлсірейді, тынысы тарылып, кеуде тұсы ауырады. Егер дер кезінде лайықты медициналық көмек көрсетілмесе, «жаралы жүрек синдромынан» адам көз жұмуы мүмкін. «Жаралы жүрек синдромынан» шығу тарихы өткен ғасырдан бастау алады. Жиырмасыншы ғасыр соңына қарай Жапон елінде осы зауалмен көптеген адамдар ауруханаға түсе бастаған. Басында аурудың нақты себебін түсінбеген дәрігерлер «жалпы ұлттық истерия (ұстамалы сырқат)» басталып кетті ме деп дабыл қаққан. Алайда эпидемияның да, пандемияның да ошақтары білінбеген. Кейін әлемнің басқа да елдерінде көрініс бере бастаған соң, «Такоцубо кардиомиопатиясы» (жапон тілінде такоцубо – сегізаяқ қақпаны) деген ат беріп, аурулар тізіміне кіріпті-міс. Жүрек бұлшыет әлсіздігі жақын адамының қайтыс болуы сияқты эмоциялық күйзеліс нәтижесінде туындайтындықтан, сол жақ шар тәрізді кеңейіп, «жаралы жүрекке» айналады екен. Қарапайым тілмен айтсақ, бұл ауру – сабырсыздық кесірінен туындайды, эмоциядан болады. Себебі иманшартты толық білмейміз. Иманның алтыншы шартында не деген? Тағдырға сену, ол дегеніміз – «Уә бил қадари хайриһи уә шарриһи мин Аллаһи Та’ала»: «Тағдырға, жақсылық пен жамандықтың тек Аллаһтан екендігіне сендім» деп куәлік ету. Адам өміріндегі жақсылық пен жамандық, пайда мен зарар, табыс пен зиянның барлығы да Алла Тағаланың қалауымен болады деген сөз. Құран Кәрімде: «Уа, иман келтіргендер! Қиыншылыққа сабыр етіңдер, қорғанысқа шыдаңдар. Мақсаттарыңа жету үшін Алладан қорқыңдар» (3.200). бұл аятта дүние және ақырет жетістігінің сабырмен тығыз байланысты екендігін көрсетуде. «Біз сөзсіз сендерді аздап қорқытып та, ашықтырып та, мал-жандарыңды, шаруаларыңды кемітіп те сынаймыз. Сабыр еткендерді қуантып (сүйіншілеп) қой» (2:155). «Сабыр етушілерге берілетін сыйлық есепсіз» (39:10). «Кімде-кім (өзіне жасалған зәбір-жапаға) сабыр сақтаса, кешірімшіл болса, бұл келіл іс» (42:43). «Уа, иман келтіргендер! Сабыр сақтау және намаз өтеу арқылы Менен жәрдем сұраңдар. Алла сабырлылармен бірге» (2:153). «Біз сендерді іштеріңнен соғысқа шыққандарды, сабыр етушілерді білгенге дейін, сырларыңды ашқанға дейін сынаймыз» (47:31). Әбу Яхия Сухайб ибн Синан (р.а.) ол Алла елшісінің (с.ғ.с.) былай деп айтқанын жеткізді: «Мұсылманның жайына таңғаласың! Шындығында, оның кез келген жайында игілік бар және бұл мұсылманнан басқа ешкімге берілмеген: егер оған бір жақсылық келсе, ол Аллаға шүкірлік айтады және оның сол айтқанында игілік бар, ал егер оған бір қайғы келсе, ол оған да сабыр етеді, оның бұл ісі де өзіне игілік болып оралады» (Муслим). Мұсылман тағдырдың жазғанына көңілмен разы болып, сабыр етеді. Сол кезде Алла оған қиындыққа сабыр етерлік күш-қуатты да беріп қояды. Сол себепті қиыншылыққа жол бермейді. Қайта келген қиыншылықтан сақтайтын бір Алла екенін біліп, Оған жалбарына отырып, жәрдем тілейді. Жоғарыдағы Құран аяттары мен пайғамбар (с.ғ.с.) хадистері бізге осыны баян етуде. - Қой, жүрегім, қайғырма, Қайғыны мүлде жай қылма. Айырылғандар қосылар, Аша алмассың жылаумен Арсылдақтың арасын Сен таппайсың шарасын, - деп, Шәкәрім бабамыздың сөзімен түйіндеуді жөн көрдік. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |