22:09
Ислам және медицина

КЕНЕТТЕН ЖҮРЕК ТОҚТАУЫ

Дәрігерлер мен ғалымдар тағы бір қызық жайтқа тап болды. «Жүректің кенет тоқтауының себебі – жүрек және басқа да шабуыл белгілері мен ауырсынуды сезген бетте адамдардың дүрбелеңге салынуы және өмірмен қош айтысу сезімі болады», - дейді америкалық мамандар.

Медициналық статистика бойынша, ажалдан аман қалғанның өзінде сол қорқыныштан сақталып қалған стресс жүрек талмасынан кейінгі қалпына келу процесін қиындатады екен. Өлімнен болатын қорқыныш адам денсаулығына теріс әсер ететін және өлім қаупін арттыратын елеулі фактор. Ол қорқыныш – «танатофобия» деп аталады.

«Өлімнен құтылмайсың қашсаң-дағы,

Атадан арыстан тауып ассаң-дағы,

Алладан шыныменен бұйрық келсе,

Жұлдыз да жерге түсер аспандағы», -

деп Шал ақын айтпақшы, бе күндік сынақ өмірде қызықшылықтың соңына түспей, ар-иманды сақтап, ақыреттің қамын ойлауымыз керек.

Алла Елшісі (с.ғ.с.) былай деген: «Мүмінге кенеттен жеткен ажал – тыныштық, ал күнәһар үшін – қайғының басы» (Муслим).

Құранда: «Әрине, сендерді қауіп-қатер, ашаршылық және малдардан, жандардан, сондай-ақ өнімдерден кеміту арқылы сынаймыз. (Мұхаммед (с.ғ.с.) сондай жағдайларда) сабыр етушілерді қуандыр! Қашан оларға бір қайғы жетсе: «Олар шын мәнінде біз Аллаға тәнбіщ әрі оған қайтушымыз», - деді. Міне, соларға Раббылары жақтан жарылқау және мархамет бар. Әрі олар тура жолдағылар» (2:155-156).

«Олар қашан Алла зікір етілге, жүректері лүпілдейді. Өздеріне келген ауырпашылыққа шыдап, намазды орындай отырып, берген несібемізден тиісті орынға жұмсайды» (22:35).

«Ол сондай Алла,мүміндерді иманын арттыра түсу үшін олардың жүректеріне тыныштық салды. Көктердегі және жердегі ләшкерлер Алланікі. Сондай-ақ Алла толық білуші, зор хикмет иесі» (48:4).

«Сөзсіз мүміндер; Алла еске алынса, жүректері қобалжиды» (8:2), - деп Алладан мойынсынушы мұсылмандарға бұл аурудың алдын алуды ұсынуда.

Жүректің кенеттен тоқтауы тек физиологиялық ақаулардан ғана емес, Құдайды ұмыт қалдырып, ғұмырды ғапылдықпен өткізгеннің кесірінен де болатынын болжадық. Құран оқудың өзі шипа екені жайында АҚШ-тың Флорида штатындағы Акбар клиникасында қызық зерттеу жүргізілген. Араб тілін білмейтін мұсылман емес еріктілерге жыл бойы араб тілі Құраннан оқылды. Тәжірибе мақсаты – адамның тыныштығы мен сауығуы үшін Құран аяттары қаншалықты әсер ететінін білу. Нәтиже көңіл көншітерлік болды. Құран аяттарын тыңдаушылардың 97%-ы стресстен айықты. Құранда:

«Егер оны Құранға араб тілінде түсірмесек, олар: «Неге оның аяттары түсіндірілмейді? Араб тілінде емес? (Мұхаммед с.ғ.с.) оларға: «Ол – иман келтіргендер үшін сенімді басшылық пен шипа» - де. Кәпірлердің құлағы саңыраулар мен көздері соқыр, олар оны көрмейді. Бұлар алыстан шақыратындар» (41:44).

Бұл құбылысты БГУ психолоия кафедрасының профессоры Хесиод Аминев тереңінен түсіндіріп берді. ғалым адамның ауруына Құранның сүрелерін оқыды. Қағида төмендегідей болды: графиктің бір осіне сүредегі аяттардың санын, ал екіншісі – осы аяттардағы сөздердің санын қалдырды. Алынған барлық қисықтар адамның миымен демалуға алынған электрлік потенциалдардың ауытқуларының графигінің қисық сызығына қаты ұқсас болды. Бұл Құранның «музыкатерапевтік әсері туралы ұғымға негізделген: ол оң және сол жақ ми жарты шарларының жұмысын теңдестіретін жүйке орталықтарын тыныштандырады. Сондай-ақ жүректегі дерттен тек Алланы зікір ету арқылы айығуға болатыны аяттарда айқын көрсетілуде.

 
 
 

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

 

Просмотров: 42 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: