19:31 Ислам және медицина | |||
ХАРАМНАН САҚТАНУДЫҢ ИГІЛІГІ Харамнан сақтану да құлшылықтың бір түрі. Пайғамбарымыздың: «Харамнан сақтанған адаммен бірге отыру ғибадат» (Дәйләми) немесе «Өте кішкентай бір күнәдан сақтану – бүкіл жын мен адамдардың ғибадаттарының қосындысынан артық», - дегеніне қарағанда харамнан сақтану да ғибадат болып саналады. Бір харамнан сақтанудың сауабы – бір парызды орындаудың сауабынан көп. Харамнан сақтану парызды орындаудан бұрын келеді. Зияндардан сақтану пайдалы нәрселерді жасаудан бұрын келеді. Мәкрүһтан сақтану сүннеті орындаудан бұрын келеді. Күнәдан ғибадат жасаудан бұрын келеді. Ислам дінінде әр мұсылман халал мен харамға көңіл бөлуге міндетті. Халал деп дінде құпталған, ерік берілген, рұқсат етілген істер айтылса, ал шариғат шеңберінде нақты тыйым салынған істер харам болып белгіленген. Құранда Алла Тағала: «Әй, адамдар! Жер бетіндегі нәрселердің халал әрі тазасынан жеңдер!» (2:168). «Алланың өздеріңе халал әрі таза етіп берген ризықтарынан жеңдер!» (5:88). «Әй, пайғамбарлар, таза нәрселерден жеңдер және ізгі іс істеңдер» (23:51). «Әй, мүміндер, сендерге ризық ретінде бергенімнің тазасынан жеңдер» (2.172), - деп әмір еткен. Хадистерде де ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мүміндерге мейлінше харамнан сақтану керектігін өсиет еткен. Әбу Хұрайра (р.а.) әңгімелеуде: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір күні былай деді: «Әй, адамдар! Алла Тағала кіршіксіз таза, сондықтан таза еместі қабыл алмайды...» «Уа, раббым! Уа, раббым!» деп дұға оқып отырған біреу туралы «Бұл кісінің ішкені харам, жегені харам, кигені харам. Сөйте тұра, тілегім қабыл болса дейді. Мұндай адамның дұғасы қайдан қабыл болсын?» деді» (Мүслім, зекет, 65). Тағы бір жолы: «Сондай бір дәуір туғанда, адам баласы тапқанының адал-арамдығына көңіл бөлмейтін болады» деп мұңайған еді (Бұхари, Бую, 7). Жоғарыдағы жайттар мұсылман үшін халал мен харамды бір-біріне ажырата білудің маңызды екенін, не нәрсені де қолға алғанда әуелі дін тұрғысынан рұқсаты бар-жоғына, кісі ақысы араласпағанын ескеріп, таза жолмен келген-келмегендігіне мән беру керегін ұқтыруда. Харам іс адамның денсаулығына зиян келтіріп, абыройына дақ салады. Және де әрбір тыйым салынған харам істі істеу – Алланың қаһарына ұшыратып, ақыретте ауыр жаза тартқызады. Мәселен, зинақорлықты алсақ. Құранда: «(Мұхаммед с.ғ.с.) Мүміндерге айт: (Бөгде әйелдерге қараудан) көздерін сақтасын» деген сөзден кейін «Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын», - делінген (4:32). «Әйел жалаңаштануы – ұлттың жоғалуына себеп детонатор», - дейді заманауи аналитик, экспериментатор, фармаколог және бірінші кеңестік ғарышкерлерді дайындаған және стресс туралы монументалды зерттеулер жазған академик-дәрігер Китаев-Смык Леонид. Интернеттегі ол кісінің келтірген аргументтері мен ой-тұжырымы ислами журналдарда, көптеген жарияланымдарда жарық көрді. Ғалым зайырлы, дербес әйелдер мен оларға заманауи сәннің әсері жайлы айтып, қазіргі жалаңаштану модасы туралы қорқынышты тұжырымға келді. Еркектердегі қуықасты безінің қатерлі ісігі мен әйелдер жалаңаштануын тікелей байланыстырған, бұл дертпен АҚШ пен Еуропа елдерінің еркектері көп зардап шеккен болса, мұсылман елдерінде бұл көрсеткіш ең төмен екен. Харамға қарау көздің көруін нашарлатады. Көз – Алланың ұлы сыйы. Оны харамнан сақтамау – осы нығмет үшін шүкірлік етпеу. Егер адам баласы қандай да бір игілік үшін Аллаға шүкір айтса, Алла ол игілікті көбейтетіні белгілі. (жалғасы бар) баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |