08:35 Ислам және медицина | |||
НАМАЗ және МЕДИЦИНА Сәжде: ханафи мәзһабы бойынша сәждеге баратын реттілікті сақтау да керемет пайдалы екен. Демек, алдымен рукуғтан тұрғаннан кейін сәждеге бірден қолды созып жерге құлай кетпей, бірінші тізені жерге тастап, содан кейін қолды жерге сүйеп, кейін маңдайды сәждеге тигізсе, бүкіл дене бойынан жиналған 5-6 литр қан бірден басқа шоғырланбайды. Мұндай әрекеттер әсіресе инсульт алып, қан қысымының қатты көтерілуінің алдын алады. Сәжде адамның тірек-қимыл аппаратын жақсартуда таптырмас амал. Мысалы, білезік ауырсынуын, бел ауруын, тобық ауруын, тізе ауруын, аяқ бармақтарының ауруларын 60-70%-ға азайтады екен. Сәждеде адам миы – жүрегінен төмен орналасатын ерекше сәт, сондықтан миға көбірек қан мен оттегі барады, қажетті қоректік заттармен қамтамасыз етілудің арқасында адамның жады, көру, есту қабілеті және басқа да танымдық қабілеті жақсарады. Намаз оқитындар бас ауруы мен психологиялық бұзылулардан көп зардап шекпейді. Сәжде ету барысында мойын бұлшықеттері көп әрі тиімді қозғалысқа түседі. Сіз мұны сәждеден бас көтерген сәтте сезіне аласыз. Сәжде ету мен сәждеден тұру уақытында арқа бұлшықеттері қатаяды. Сондықтан намаз оқитындарда арқа ауруы көп кездеспейді. Сәжде – адам денесінен шығатын электромагниттік сәулелердің күшін жоюдың тиімді құралы. Ғалымдар адам сәжде еткен кезде жердің гравитациясы барлық зиянды сәулелер мен толқындарды өзіне тартатындығын айтады. Мұсылмандар күніне намазда аз дегенде 34 рет сәжде етеді. Таң намазын оқу арқылы бойдағы жағымсыз энергиядан арылып, күнін сергек бастайды. Ал бесін, екінті, ақшам намаздары адам бойындағы шаршауды, стрессті азайтып, психологиялық жайлы көңіл-күй сыйлайды. Құптан намазы денеде қалған электромагнитті бойдан сілкіп тастап, жайлы да рақат ұйқыға кетуіне септігін тигізеді. Бес уақыт намаз күні бойы жинақталған жағымсыз энергетикадан арылу үшін де пайдалы. Намаз жүктілік кезінде ұрықтың дұрыс қалыптасып, дамуына мүмкіндік береді және болашақ сәбидің денсаулығына жағымды әсерін тигізеді. Биологияда адам денесінің негізгі функциялары биологиялық сағатқа тікелей байланысты. Биологиялық сағат – жануарлар мен адамның уақыт өлшемін бағдарлау қасиеті. Ол жасушалардағы физика-химиялық және қалыпты физиологиялық процестердің белгілі бір уақытта қайталанып отыруына (биологиялық ырғақ) негізделген. Биологиялық ырғақ – биологиялық процестер мен құбылыстардың қарқыны ме сипатындағы мезгіл-мезгіл қайталанып отыратын өзгерістер реттілігі. Биологиялық ырғақ барлық тірі организмдерге тән, оны зерттейтін ғылым саласы – биоритмология. Биологиялық ырғақ табиғи жағдайда қоршаған ортадағы құбылыстар өзгерістеріне сәйкес жүреді, мысалы, күн активтілігінің циклділігімен, жыл мезгілдерінің, тәуліктің ауысуымен байланысты адамның температура ауытқулары, қысым өзгерістері, гормондар бөлінуі, жасушалар (РНҚ мен ДНҚ) синтезі, ибосома құрылуы, клеткалардың бөлінуі, т.б. секілді қалыпты физиологиялық-биохимиялық процестер жүреді. Адам ағзасында бір күн ішінде көптеген шағын және 5 үлкен кезеңде биоритмдердің өзгеруі байқалады. Биоритмдердің бес ірі кезеңінің өзгеруі күн жүйесіндегі планеталардың тиісті орналасуымен байланысты. Бір қызығы, осы бес үлкен кезеңдердің өзгеруі бес уақыт намазға сәйкес келеді. Осы бес биоритмнің әрқайсысы ауысқанда, биологиялық белсенді нүктелер (ББН) бірінші ашылады. Бұл жағдайда олар 15 минут бойы ашық қалады, содан кейін екі сағаттай созылып, біртіндеп жабыла бастайды. Осы уақытта не кезеңде адам дәрет алып, намаз оқыса, әлгі биоритм бір кезеңнен екінші кезеңге оңтайлы өтеді, яғни қалыпты өтуіне ыңғай жасайды. Осылай күніне бес рет өзгеретін табиғи биоритмдердің бес уақыт намазға тікелей байланысы бар болып шықты. (жалғасы бар) баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |