07:27 Ислам және медицина | |||
ДӘРЕТТІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ПАЙДАЛАРЫ Жалпы дәрет алу әдебіне медицина тұрғысынан келер болсақ, оның денегекөп пайдасы бар екен. Қан тамырларының белсенділігін арттыратын фактордың бірі ол – дәрет суы. Дәрет алу арқылы денеге жаттығу жасайды. Судың салқын болуы қан тамырлардың арнасын тарылтса, ал ыстық су болса керісінше үлкейтеді. Бұл қантамырларының серпінділігін сақтайды, әрі алыс-жақын ағзаларға қанның еш кедергісіз айналымын қамтамасыз етеді. Жастайынан дәрет алып жүрген адамның қан тамырлары қатаймаған әрі серпімді келеді. Әдетте дәрет мүшелері жуылғанда қан айналымы шапшаңдап, миға қажетті оттегіні жеткізеді. Ол тәннің саулығына кепілдік жасайды. Күніне кемінде бес рет дәрет алып жүрген мұсылманның денсаулығы шымыр болатынын, ауруға көп шалдықпайтынын дәрігерлер алға тартады. Мұсылман ғалымдары өзінің көп жылдық тәжірибесінде үнемі дәрет алып жүрген үш жүзге тарта қарт адамның қан қысымын өлшеп көрген. Дәрігерле олардың күрделі ауруға шалдықпайтындығын және жастары алпыс бестен жоғары болса да, қан қысымының жүз жиырмадан аспағандығын айтады. Дәрет алу жүйке жүйесін де реттеп, стрессті жояды, шаршауды басып, денеге сергектік береді, жүректің жұмысын жеңілдетеді. Ол беттегі еттің қуаттылығын арттырып, қан айналымын реттеп, тамырлардың белсенділігін жолға қойып, ағзаның негізгі қорғаушысы болған лимфа жүйесі қызметін жақсартады. Лимфа түйіндері қызметінің жандануы – иммунитеттің жақсаруы, яғни инфекция, бактериямен күресуші ақ қан түйіршіктері арқылы ағзаның ауруға қарсы төзімділігін күшейтеді. Сонымен қатар, су адам бойында белгілі бір энергиялық ішкі және сыртқы тепе-теңдікті қалыптастырады. Бұл тепе-теңдіктің сақталуы денсаулық үшін өте маңызды. Ауаның ластануы, синтетикалық киімдер мен қолданыстағы заттар, ішкен ас-су, көңіл-күйдің түсуі бұл балансқа кері әсерін тигізіп, адамның мазасын қашырады. Қазіргі таңда түрлі аурудың көбеюі, жүйке жүйесінің бұзылуы және бетке әжімнің ерте түсуі энергиялық тепе-теңдіктің бұзылуының белгілерінін болып саналады. Мұндай зардаптардың алдын алуға дәрет пен ғұсыл көп септігін тигізеді. Дәретте әр мүшені үш реттен жуу сүннет амалына жатады. Бес уақыт намазына ұқыпты әрбір мұсылман баласы күніне он бес (15) рет аузы-мұрнын, жүзін, қолдарын және аяқтарын жуу арқылы негативті энергиялардан арылады. (жалғасы бар) баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |||
|
Всего комментариев: 0 | |