20:46 Ислам және медицина | |||
ДӘРЕТТІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ПАЙДАЛАРЫ Ежелгі Шығыс медицинасында адамның бойында көптеген биологиялық белсенді нүктелер бар делінеді. Солардың алпысқа жуығы өте күшті, яки әсерлі деп саналады. Енді осы нүктелердің басым көпшілігі мұсылмандар дәрет алғанда жуатын дене аймақтарында орналасқан екен. Қалғаны аяқтың тобық пен тізе арасындағы бөлігінде оналасқан. Демек, мұсылман адам дәрет алғанда өте әсерлі биологиялық сол белсенді нүктелерге физикалық әсер етумен қатар гидромассаж жасайды. Ал аяқты тізеге дейін жуып дәрет алу – сүннет. Егер олай жасайтын болса, тіпті барлық белсенді нүктелерді де қамтыған болып саналады. Осылайша күніне бес уақыт намазға бес рет дәрет алған адам кешенді массаж процедурасынан өткен болып есептеледі. Бұл массаждар адамның ішек құрылыстарына, асқазанына, зәр шығару жолдары мен қуыққа, жүйке жүйесінің реттелуіне, жүректің қалыпты соғуына, жыныстық қызметтерге, қалқанша бездеріне оңтайлы әсер береді екен. Оның үстіне салқын су теріміздегі рецепторларға да жақсы дем етіп, беті\ті әжім түсуден сақтайды. Дәрет алу кезінде үш реттен жуу жүйкені оңтайлы ынталандыру болып табылады. Дәрет әдебі әуелі әжетханадан басталады. Мұсылман әжетханаға кірер кезде алдымен дұға оқып, содан соң сол аяқпен кіреді. Шығар кезде оң аяқпен шығуы қажет. Негізі, әжетхана жын-шайтандар мен уәс-уәстердің үйі болып табылады. Дініміз дәретханада отырып алып кітап оқу, сөйлеу, бірдеңе жеп-ішу т.б. сияқты амалдарға қатаң тыйым салады. Бұл – бір жағы гигиена талаптарын орындау, антисанитарияның алдын алу. Ардақты анамыз Айша (р.а.): «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) алғаш рет уахи түскеннен бастап дүниеден озғанша еш уақытта кіші дәретін тұрып сындырмаған» (Әбу Дәуіт), - деп жеткізген және тағы да былай деген: «Біреу Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тұрып дәрет сындырды дейтін болса, оған сенбеңдер. Себебі, ол ылғи отырып дәрет сындырған» (Имам Ахмад, Тирмизи, Насаи және Ибн Мәжә). Абдулла ибн Мәсғұдтан бізге жеткен хадисте пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «ақиқатында, тұрып дәрет сындырғанға азап бар»,- деген. Енді отырып кіші дәрет сындырудың қаншалықты маңызды екенін медицина ғылымымен талдап көрелік. Бұл еркектердің несеп шығару жүйесіне байланысты болып шықты. Жалпы, бүйректен шығатын зәр қуыққа толып, несеп жолы арқылы сыртқа шығатыны белгілі. Әйелдердің несеп жолы еркектердікінен қысқа болғандықтан, олар истибра (кіші дәретке отырғаннан кейін несеп жолындағы зәр қалдығынан толықтай арылып, тазару және соған тиісті әрекеттер жасау (жөтелу, аздап жүру, секіру, сілкіну т.с.с.) жасауға міндетті емес. сондықтан оларға бірден дәрет ала беруге болады. Ал еркектердің несеп жолы өзгеше келгендіктен, яғни ұзын болғандықтан, несеп жолы бойында зәр қалады. Сол зәрден толықтай арылу еркектерге уәжіп. Құранда: «(Мұхаммед с.ғ.с.) Мүміндірге айт: (Бөгде әйелдерге қараудан) көздерін сақтасын» деген сөзден кейін «Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын», - делінген (4:32). Жердің әрбі 10-шы тұрғыны бүйрек ауруларынан зардап шегеді және олардың ішінде ең қауіптісі – созылмалы бүйрек ауруы. Адамдардың осы аурумен жиі науқастануы салдарынан бұл ауру адамзатқа қауіп төндірген індет деп танылды. Осы орайда кіші дәреттің толық сүннетке сай алынуы бүйрек жетіспеушілігінің алдын алу профилактикасы деуге болады, оған себеп мұсылман адам жасайтын истибра әрекеттері. Ислам дінінің қайнарында истибра қалай жасалу қажеттігі егжей-тегжейлі жазылған. Соның көбіінде кіші дәретті отырып сындыруға, дәретке отырып болған соң, жөтеліп, сумен тазалануға, толықтай арылғанына көзі жететіндей уақыт біраз немесе 40 қадамдай жүруге, бірнеше мәрте отырып-тұруға кеңес береді. Сондықтан қазақ бұрын үйден кемінде 40 қадам қашықтыққа барып түзге отырған. Дәретхананы да кемінде 40 қадам қашықтықтағы ұзаққа салуға тырысқан. Дәретханадан келгенше истибра жасалады екен. (жалғасы бар) баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |||
|
Всего комментариев: 0 | |