21:46 Ислам және медицина | |||
ТАМАҚТАНУ ӘДЕБІ Соңғы жылдары «созылмалы іш қату» деген медициналық термин симптом қатарына енген. Бұл жағдайда ішектің жұмысында қозғалыс (перистальтика) азайып, үлкен дәретке шығу қалыптыдан баяулайды, бұдан ішектер «жалқауланып», аппендицитке әкелуі мүмкін. Кейін тіпті қатерлі ісік пайда болуы да ықтимал. Ағзамыздағы ішектің қалыпты, микроорганизмдері біздің жалпы денсаулығымызға әсер етіп, иммундық қуатымызды шыңдап, сырттан енген бактерияларға қарсы тұру, иммундық жауап қайтару механизмін қамтамасыз етеді. Егер миклофлора (қалыпты бактериялар) бұзылса, онда қабынуға, жұқпалы, аллергиялық, аутоиммунды ауруларға, семіздікке душар етеді. Микробтар тек физикалық қана емес, адамның психикасына да әсер етіп, үрей тудырып, соңы депрессияға әкелу мүмкін. Организмдегі көптеген аурулар генетикалық бұзылыстардан, белгілі бір мүшенің ақауынан, сонымен бірге біздің андамай табиғи қалыпты жасушаларымызды құртуымыздан да болады. Адам ағзасында қалыпты микроорганизмдер (микроб, бактерия) болады, олар ағзамен қатар өмір сүреді. Бұл микроб-жасушалар резервте (қорда) сақталады да, ағза әлсірегенде өзінің көмек әрекетіне кіріседі. Мысалы, адам тағамнан уланғанда немесе асқазан-ішектік инфекциядан соң организм өзінің пайдалы бактерияларынан айрылып қалады. Осындай кезде жоғалған жасушаның не бактерияның орнын толтыруға аппендикстің (соқыр ішек) ішіндегі жасушалар келеді де ағза жақсарады. Бұл микробтар біздің жеген асымызбен қоректеніп, энергия бөліп шығарады. Көпшілігі өз бойынан шырыш бөледі. Организм әлсіреп, ашыққанда осы шырыштармен жасушалар қоректеніп, ұзақ уақытқа дейін дене мүше қызметін бақылауда ұстайды. Ал осыған байланысты ардақты сахаба ұқба ибн Әмір (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі Мұхаммед мұстафа (с.ғ.с.) былай деген екен: «Науқастарыңызды ішіп-жеуге қинамаңыздар. Себебі оларды Алла Тағаланың өзі ішіп-жегізеді». Ардақты пайғамбар (с.ғ.с.) бұл хадисте науқастың асқа тәбеті тартпаса, «әлсіреп қаласың, қуаттан» деп адамды қинап тамақтандыруға болмайтындығын біздерге өсиет еткен. Бұның сырын ашсақ: ауруға шалдыққан жандардың тәбеті жоқтығына қарамастан зорлықпен қинап ауқаттандыру пайдалы емес екен. Ашықтырып емдеу терапиясымен айналысатын мамандар ауырған адамды қинап тамантандырмауға кеңес береді. Оның үстіне асқорыту үшін жұмсалатын қуат дененің ауруға қарсы күресі үшін қажетті биологиялық күшті дененің ауруға қарсы күресі үшін қажетті биологиялық күшті азайтатындығын анықтаған, яғни Алла Тағала адамның асқорытуға жұмсалатын барлық энергиясын аурумен күресуге бағыттау үшін асқорыту жүйесін уақытша тоқтатады екен. Ағза асқазанға азық түспесе де, өзіне қажетті ауқатты бұған дейін адамның бойында депода (қорда) сақталған сарқыттардан сарқи алады екен. Алла құлының «әр-Раззақ», яғни «ризық-несібемен қамтамасыз етуші» екенінің жарқын бір көрінісі. Халқымыздың мыңдаған жылдар бойы тұрмыс-тіршілігінде тамақ ішудің өзіндік әдебін құрайтын қағидалары қалыптасып, ол қағидалар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырды. Ол әдеп нормалары күні бүгінде тамақтану мәдениетіміздің негізін құрап, қазіргі заманғы тұрмысымыз бен өркениетіміздің жаңалықтарымен толықтырыла түсуде. Әрине, ұлттың, ұлыстың өмір сүру жағдайларына, тарихи даму кезеңдеріне, басқа халықтармен аралас-құраластық, сауда-саттық, мәдени қарым-қатынастарға байланысты қай халықтың болмасын ұлттық тағамдарының құрамында өзгерістер болып тұратыны сынды тамақтанудың дәстүрлі тәртіп-нормаларында жаңарулар болмай қоймайды. Әйтсе де тамақтану әдебі сол халықтың әдет-ғұрпымен, ата-салтымен, діни нанымдарымен, ұлттық психикасымен біте қайнасып кеткен жанды өзегі, негізгі ұйытқысы, ұлттың өзіндік ерекшелігі болып қала береді. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |||
|
Всего комментариев: 0 | |