21:05 Ислам және медицина | |||
ТАМАҚТАНУ ӘДЕБІ Әлемде қазіргі кезде жалғыз ғұмыр кешу, жеке өмір сүру және жалғыз тамақтану тенденциясы белең алған. Оны ғылымда «Әлеуметтік изоляция (оқшаулану)» дейді, бұл да қазір психологтардың зерттеу нысанына айналып үлгерген мәселе. Осыған байланысты Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): «Бірге жеңдер немесе топпен, алайда бөлек емес» - деп ескертіп, оңашаланудың да алдын алған. Тіпті Оңтүстік Корея ғалымдары 7000 адамға жүргізген сауалнама нәтижесінде жалғыз тамақтанатындар абдоминалды семіруге бейім келетіні, оларда метаболизм синдромы басым болатынын анықталған. Ислам қағидасында пайғамбар сүннеті бойынша мұсылмандар тамақтану әдебіне баса назар аударған. Шақтап тамақтану, ысырап қылмау, тоя ас жемеу, астан кейін дене қимыл-қозғалысын жасау сияқты барлық жағдайларды Алла елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) біздерге үлгі-өнеге ретінде көрсеткен. Оған мысал асқазанның 3/1-ін тамаққа, 3/1-ін сіға және қалғанын ауаға қалдыру сияқты дүниелер. Енді ғана дами бастаған диетология ғылымы мұсылмандарда ықылым заманнан бері бар екен. Ғылымда белгілі болғандай миға асқазанның тамаққа толуына, адамның тамаққа тоюына байланысты пәрмен (сигнал) жету үшін ағзаға бірнеше минуттар қажет. Асықпай желінген тағам ас қорытуды жақсартады, сонда ас толық қорытылады. Алла елшісінің өзі осылай жасаған. Сондықтан отбасы мүшелерінің тамақты асықпай отырып бірге ішуі, үлкендердің балаларға дұрыс тамақтану дағдыларын көрсетуі отбасы мүшелерінің арақатынасын нығайтады. Осыған байланысты жақында Гуэльф университетінің тағамтану мамандарының жүргізген зерттеу нәтижелері бойынша отбасылық ас жасөспірімдерге салауатты тамақтануды үйретеді екен. Зерттеушілер 2011 жылы 14-24 жас аралығындағы 2700-ден астам жасөспірімді қамтыған сауалнама деректерін талдаған. Жастардың ата-анасымен, отбасымен қаншалықты жиі тамақтанатыны, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас, жемістерді, көкөністерді, жеңіл тамақты (фаст-фуд), азық-түлік өнімдерін, сондай-ақ сусындарды қаншалықты жиі пайдаланатыны сұралған. Жиналған ақпараттарды талдап саралағанда, өзінің отбасымен ешқашан тамақтанбайтындарға қарағанда, жақындарымен бірге ауқаттанатын жасөспірімдер мен жас балалардың денсаулықтары дұрыс екені дәлелденген. Ата-бабаларымыз осы соңғы зерттеулері білгендей бізге өсиет етіп мына мақалдарды қалдырған: «Отбасының жанжалы қанып ішпеген шайдан туады», «Ауыр жолдың азабы артар атан, нардан туады», «Қазаны басқаның қайғысы басқа», «Отбасынан бас кетсе, қазаннан ас кетеді». Атамыз қазақ орындыққа отырмаған, дастарханды жерге жайғызған. Себебі малдас құрып отыру бір жағынан асқазанды үнемді пайдалану болса, екіншіден, тірек-қимыл аппаратымызды шынытыру, осал қылмау, икемсіздіктен арылу. Ал орындыққа отырып үйренген адам малдас құрып отырғанда қиналып, икемі келмей, бірақ әбігерге түседі. Міне, бабаларымыздың өз денсаулығына жауаптылығын осыдан байқауға болады. Әдетте мұсылмандардың тамақтанғанда оң аяқты көтеріп, сол аяқты жамбасқа бастырып отыру қалпы (позасы) асқазанды кішірейтіп, тек қажетті мөлшерде шақтап қана аспен толтыруға сеп болады. Осы позициядағы отырыс оң жақ аяқ көтеріліп, шап аймағы қылылғандықтан, аппендицит болуының алдын алады, яғни соқыр ішек копролиттермен бітелмейді. Оны басқаша фекалит не «нәжіс тастары» (каловые камни) деп те атайды. (жалғасы бар) баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |