00:01
Имандылық ишараттары

1. Исламның бес парызы

Абдулла ибн Омардан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген:

«Ислам бес негізден тұрады:

  1. Алладан басқа тәңір жоқ және Мұхаммед Алланың Елшісі екеніне куәлік беру.
  2. Намаз оқу.
  3. Зекет беру.
  4. Қағбаға қажылық жасау.
  5. Рамазан оразасын ұстау.

 

2. Исламның 5 қамалы

Ислам – бес қамалы бар бір қала секілді. Біріншісі алтыннан, екіншісі күмістен, үшіншісі темірден, төртіншісі піскен кірпіштен, бесіншісі лай кірпіштен жасалған. Егер лай кірпіштен жасалған қамалдың адамдары өз міндеттеріне берік болса, оларға ешқандай жау көз тікпейді. Ал егер өздеріне жүктелген міндеттеріне жауапкершілікпен қарамаса, онда жау қамалды бұзып екіншісіне өтеді. Сосын үшіншісіне шабуылдап, тіпті бүкіл қамалдың талқанын шығарады. Ол бес қамал.

  1. Яқин, сенім;
  2. Ықылас;
  3. Парыз амалдарды орындау;
  4. Сүннетті толық өтеу;
  5. Әдептерді сақтау.

Пенде исламның әдептерін сақтап, оған дұрыс мән берсе, ол адамға шайтан жоламайды. Ал әдептерді сақтамаса, онда шайтан сүннетке көшеді. Кейін парызды орындатпауға, сосын ықыласты жоюға, соңынан яқинға шабуыл жасайды. Сондықтан мұсылман адам намазға, дәретке, сауда-саттық істеріне, достыққа берік болуы және шариғаттағы бүкіл әдептерді орындауы тиіс.

 

3. Ислам дінінде сақтауға тиісті 5 нәрсе:

1) Дінді;

2) Адам жанын;

3) Ақылды;

4) Ұрпақты немесе абыройды;

5) Мал-дүниені сақтау.

 

4. Бес анық:

1) Тіл;

2) Дін;

3) Тарих;

4) Дәстүр;

5) Атамекен.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 5 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: