21:51
Игі дәстүр ізімен

МҰҚТАР ӘУЕЗОВ ОҚУЛАРЫ

Әлемге дара туып, дана атанған Хакім Абай Құнанбайұлын танытқан қазақтың ғұлама қаламгері Мұқтар Әуезовтің өркениет төрінде алатын орны қашанда ерекше. Ал ұлы жазушының шығармашылығын насихаттау – үлкен сауапты іс.

Павлодар қаласындағы М.Әуезов атындағы №42 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде, яғни Мұқтар Әуезовтің туған күнінде, игі дәстүрге әлдеқашан айналған «М.Әуезов оқулары» осы білім ошағындағы данышпан жазушының мұражай-дәрісханасында өткізілді. Аталмыш шараға осынау оқу ордасының 5-11 сыныптарда білім алып жүрген он екі оқушы қатысты. Талабына нұр жауған шәкірттер ғұлама қаламгердің шығармаларынан алынған үзінділерді жатқа мәнерлеп оқыды. Күні бұрын дайындық жұмыстарын пысықтаған қатысушылар айтарлықтай белсенділік танытты. Көрермендер алдында барын салуға тырысып бақты. Нәтижесінде, бірінші орынға 11 «А» сынып оқушылары Темірғазина Даяна мен Маршал Никита, 8 «В» сынып оқушысы Меңдияров Дамир, 6 «Б» сынып оқушысы Керей Әйгерім, 5 «Б» сынып оқушысы Беланов Антон ие болса, Анискина Дарья, Байболатова Альмира сынды оқушылар екінші орынға тұрақтаса, ал 11 «А» сынып оқушысы Ахатов Дарья үшінші орынды місе тұтты. Жүлдегер қатысушыларды адал тер төгіп дайындаған пән мұғалімдері Қ.Т.Ахметованың, Г.Қ.Абенованың, А.Қ.Бейсенбаеваның, А.Е.Камзинаның қажырлы еңбектерін атап өткеніміз абзал. Аталмыш оқулар барысында халықаралық байқаудың жеңімпазы, 4 «А» сынып оқушысы Жақсылықова Маликаның қазақтың қара домбырасының сүйемелдеуімен шертіп берген «Жастар биі» күйі, көркемдік жетекшісі К.А.Асқарова, көпшіліктің патша көңілінен шығып, шексіз қошемет пен алғысқа бөлінді.

Сайып келгенде, игі дәстүр ізімен ұйымдастырылған «М.Әуезов оқулары» оқушылар бойында ғұлама қаламгер шығармашылығына деген сүйіспеншіліктерін, қызығушылықтарын одан сайын арттыра түсті.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы №42 ЖОББ мектебі

Павлодар қаласы

Просмотров: 427 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: