00:34 Игі дәстүр ізімен | |
ҚОШ БОЛ, БАСТАУЫШ! ХОШ ТӨРЛЕТ, 5 СЫНЫП! Осындай зор тақырыппен 4 сыныптар оқушыларының төрт жыл
бойы білім-тәрбие алған бастауыш буынмен қоштасу салтанаты ұйымдастырылды. Қазақ және орыс тілдерінде оқыған қос сыныптағы оқушылар
саны небәрі жеті баланы құрайды. Соған қарамастан аталмыш сыныптардың білім
сапасының деңгейі бірқыдыру жақсы дәрежеде екенін атап өтпеске болмайды. Ал осынау
сапаны нығайту жолында бастауыш сынып мұғалімдері Құсманова Б.М. һәм Узбекова
С.Б. абыройлы педагогикалық еңбегін ерекше елеу абзал. Себебі бірінші сыныптан
бастап өз қарамағына берілген оқушыларды төртінші сыныпқа дейін қажырлылық
таныта есейтті сапалы білім әм саналы тәртіп жолында. Сонымен бірге Әлдекенова
А.С., Баев А.Қ., Ахметов Қ.А., Сейсембеков С.Н., Әлдекенова Ж.С., Жанпейсова
М.Ғ. сынды мұғалімдердің де қосқан үлестері қомақты. Өз алдына кішкене түлектерді жаңа оқу сатысына шығарып
салу қорытынды есепті шарасында сахналық тамашалар жетіп артылды. Айталық,
әуелден әншілік талабымен сахнада танылып жүрген Ерсайын Аяулым көрермендер
назарына «Ақ боз ат», «Асыл әже», сыныптасы Джумашева Гүлзирамен бірге
«Мектебім» әндерін шырқаса, орыс тілінде оқитын үш оқушы өз алдына әндер
орындаса, басқа балалар кәріс биін, орыс биін нақышына келтіре сахналады.
Сонымен бірге сынып жетекшілері шәкірттерімен әзіл-шыны аралас түрде танымдық
шағын қойылымдарды сәтті сабақтады. Шараның шымылдығы түрілер сәтте ата-аналар тарапынан
кішкене түлектерді құттықтау жүргізілсе, әр оқушыға Батжамал Мүсілімқызы және
Салтанат Бекперқызы дайындаған куәліктер, дипломдар, алғысхаттар мектеп
әкімшілігі тарапынан табысталды. ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Бесқарағай ЖОББМ оқу істері меңгерушісі Лебяжі ауданы, Павлодар облысы | |
|
Всего комментариев: 0 | |