17:14
Екінші тоқсан (бірінші жартыжылдық) қорытындысы бойынша есептесу

2012/13 оқу жылының ІІ тоқсанын аяқтау хақында

ӨКІМ

ІІ тоқсанның аяқталуына байланысты (демалыс 30 желтоқсаннан 8 қаңтарға дейін,                сабақтардың басталуы 9 қаңтар 2013ж.) мыналарды орындау қажет:

1.      Пән мұғалімдері ІІ тоқсандық бақылау жұмыстарын өткізуді 20 желтоқсан мен                      26 желтоқсан 2012ж. аралығында жүргізсін. 27 желтоқсан 2012ж. ӘБ жетекшілеріне бақылау жұмыстарының сандық қорытындыларын тапсырсын. 27 желтоқсан 2012ж. (17.00-ге дейін) ӘБ жетекшілері бақылау жұмыстарының қорытындыларын тапсырсын. Бақылау жұмыстарының қорытындыларында жұмыстардың сапалық сараптамасы айқын мазмұндалуы тиіс (төмен/жоғары көрсеткіштердің себептері, оқушылар біліміндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған жұмыстың жоспары, түзету диагностикасы, салыстырмалы мониторинг).

2.      Барлық пән мұғалімдері 28 желтоқсан 2012ж. дейін ІІ тоқсандық бағаларды қойсын.

3.      Сынып жетекшілері 28 желтоқсан 2012ж. (17.00-ге дейін) нысандық есеп тапсырсын.

4.      Пән мұғалімдері 29 желтоқсан 2012ж. (14.00-ге дейін) нысан бойынша есеп тапсырсын.

5.      ӘБ жетекшілері 29 желтосан 2012ж. (14.00-ге дейін) «ІІ тоқсанда орындалған жұмыс туралы» мәтіндік есептерін тапсырсын.

6.      Пән мұғалімдері ҰБТ-ге әзірлік бойынша (11 сыныптар), ОЖСБ-ға әзірлік бойынша (9 сыныптар) мониторингтік-сараптамалық анықтамасы көрсетілген папкаларын тапсырсын (29 желтоқсан 2012ж. 14.00-ге дейін).

7.      Сынып жетекшілері демалыс кезінде сыныппен өткізетін шараны айқындасын hәм          29 желтоқсан 2012ж. (14.00-ге дейін) талдамасын мектеп директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары Мазанова Б.Т. тапсырсын.

8.      Бастауыш сыныптар, филология мұғалімдері оқушылардың мәнерлеп оқу машығын тексерсін hәм мәтіндік сараптамалық есеп әзірлесін. Оқу техникасын тексеру қорытындыларын 29 желтоқсан 2012ж. (14.00-ге дейін) тапсырсын. 

9.      Медбике (тубвираждылар саны, тамақтандыру, оқушылардың медициналық хал-ахуалы көрсетілген, соматикалық мониторинг), кітапхана меңгерушісі, психолог, мектепалды дайындық топтары тәрбиешісі, шағын орталық тәрбиешілері орындалған жұмыс жөнінде мәтіндік есеп тапсырсын. Дене шынықтыру мұғалімдері, нұсқаушы 27 желтоқсан 2012ж. (17.00-ге дейін) мектеп оқушыларының жарыстарға қатысқаны hәм иеленген орындары хақында есептерін тапсырсын.

10. Тәлімгер ІІ тоқсан бойынша орындаған жұмыс жайлы есепті 29 желтоқсан 2012ж.            мектеп директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары Қапанова Г.Ж. тапсырсын.

11. Барлық пән мұғалімдері құжаттама номенклатурасын тексеруге дайындалсын,               сынып журналын, оқушылардың жеке құжаттарын, жұмыс дәптерлерін  ретке келтірсін.

12. Пән мұғалімінің құжаттама номенклатурасы жағдайын тексеру                                                 4 және 5 қаңтар 2013ж. 9.30-дан өткізіледі.

Тексеру тәртібі:                       4 қаңтар

           бастауыш сыныптардың ӘБ                                                                                      9.30-10.30

      математика, информатика, физика, сызу ӘБ                                                            10.30-11.30

           филология, ағылшын тілі ӘБ                                                                                       11.30-12.30   

                                                     5 қаңтар

      музыка, технология, дене шынықтыру, бейнелеу өнері ӘБ                                 9.30-10.30

      тарих, биология, химия, география ӘБ                                                                 10.30-11.30

            сынып жетекшілердің ӘБ                                                                                        11.30-12.30
Просмотров: 8812 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 2.5/2
Всего комментариев: 1
1 Гульназ  
0
Биология сабагы бойынша екинши то0сан есеби керек

Имя *:
Email *:
Код *: