10:19 Дәстүрдің игі жолымен | |
Халықаралық егде адамдар күніне арнау АҚ НИЕТ Ассалаумағалейкүм, ақ сақалды аталар, Сәлеметсіздер ме, ақ жаулықты аналар. Бүгін – мереке, той, қуаныш, думанды дала! Құттықтайды баршаңызды жас пен бала. Көздерінде тарих оты алаулаған, Сөздерінде қисса-әңгіме жалаулаған. Егде шақта да болашақ қамын ойлаған, Балапанын қанаттандыра той тойлаған. Сұм соғыстан, жалаңаш аштықтан қалды аман, Ұрпағының ақ ниетті ризалығы келді таман. Көрді егделер өмірдің суық, ыстығын, Арнады келешек үшін бал жастығын. Күннен-күнге ақ басады бастарын, Өмірдің мол сырын түйген, астарын. Жақсылыққа шақырады ел жастарын, Жақтырмайды, кінәлайды сұм-қастарын. Уа, замандас, егде жолын кеспейік, Өр кеуде, тәкаппар болып кетпейік. Өмір-дүние кезектігін есептейік, Дана егде ақылына қанат сермейік. Қозғалысы қамқорлықтың үдесін, Уақыт берер, уа, замандас, үлесін. Көңіл-күйі егделердің гүлдесін, Өсиет қылып тартсын өнеге-бүлдесін. Биіктеңіз асқарға, ақ сақалды аталар, Шарықтаңыз заңғарға, ақ жаулықты аналар. Ғасырдан ғасырға ақылы тозбас даналар, Құттықтасын, құшақтасын, үміт ақтасын балалар! ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы shakhibbeker@gmail.com www.shakhibbeker.ucoz.kz | |
|
Всего комментариев: 0 | |