13:02 Дәстүрлі дүниетаным | |
ҮШ ЖҰРТ Үш жұрт - жігіттің үш жұрты: өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты. Халық арасында мұны: өз жұртың - күншіл, қайын жұртың - міншіл, нағашы жұртың - сыншыл деп те мәтелдейді. Яғни, ағайын бар болсаң көре алмайды, жоқ болсаң бөліп бере алмайды, жақсы болсаң күндейді, жаман болсаң жүндейді. Қайын жұртың - қолыңның ұзындығына қарайды, жағаңның қызылдығына қарайды, берсең жағасың, бермесең бітпес дауға қаласың. Нағашы жұртың жақсылығыңа сүйсінеді, жаманшылығыңа күйінеді, әрқашан тілеуіңді тілейді, тілеуқор да жанашыр жұртың сол болады. Үш қуат - ақыл қуат, жүрек қуат, тіл қуат. Үш ғайып - ажал ғайып, қонақ ғайып, несібе ғайып. Үш арсыз - ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз. Үш даусыз - мінез, кәрілік, ажал. Үш кәдесіз - жігіттік, денсаулық, жақсы жар (әйел). Үш жамандық - Нақақ қан төгу. Кісі малын нақақ алу. Ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу. Үш жақын - Жан тәтті . Мал тәтті. Жар тәтті. Үш көз - Су анасы - бұлақ. Жол анасы - тұяқ . Сөз анасы - құлақ. Үш тоқтам - ақыл - арқан , ой - өріс, адам - қазық. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |