16:23 ҰБТ: озық тәжірибе, ортақ әдіс | |
ОЙ ҚАЛАЙ БӨЛІНЕДІ ЖӘНЕ ОЙДЫ ҚАЛАЙ ЖИНАҚТАЙДЫ? Сабақ оқығанда, ойды жинақтай білу дағдыға байланысты. Кішкентай кезінен бастап бұған дағдыланбаған оқушылар есейгенде де сабақ оқығанда, ойын жинақтай алмайды. Сабақ оқығанда, ойды бөлетін маңызды екі себеп бар, олар:
Сабақ оқуға деген құлшынысы болмаса, табысқа жету де соншалықты қиындай түседі. Сабақ оқығыңыз келмесе, онда ол – басқа нәрсе жасағыңыз келіп тұр деген сөз. Алдыңызда екі таңдау бар: сабақ оқу немесе оқымау, қайсысын таңдасаңыз да, екеуінің де қандайда бір нәтижесі, салдары болады. Қайсысын мойныңызбен көтере алсаңыз, соны таңдаңыз. Сабақ оқыған кезде, «басқа оқушылардан төмен ұпай жинау, сынақтан нашар баға алу» секілді ойлар сізді мазалайтын болса, бұл ойлардың қыспағынан құтылудың жолын қарастыруыңыз керек. Қызығушылығыңыз бен қабілетіңізді табысқа жетуіңізге жеткіліксіз деп ойлайсыз ба, әлде уайымыңыз алаңдаушылықтан туындап отыр ма? Кейбір оқушылар кітап бетіне қарап, қанша отырса да, өзін бейне бір ояу отырып түс көріп отырғандай сезінеді. Бұл – өте жиі кездесетін жағдай. Алайда бұл жағдай сіздің сабақ оқуыңызға кедергі келтіретіндей күйге жеткен болса, онда «есіңді жи, дәл қазір қиялдап отыратын уақыт емес» деп, өзіңізге ескерту жасаңыз. Керексіз сұрақтармен ойыңызды мазалай бермеңіз, әр нәрсенің өз уақыты бар. Ойыңызға келген мәселені шешу қолыңыздан келетін болса, онда сабаққа отырмаста бұрын оны шешіп тастаңыз. Ал егер мүмкін болмаса, онда кейінірек қолға алармын деп, бір жерге жазып қойғаныңыз өзіңізді жеңілдетеді. Сезіміңізден туындаған проблемаларды (ғашық болу, қызғану т.б.) уақытша жинастырып қойыңыз, шуақты күндер әлі алдыңызда. Сабақ оқып отырып, тақырыптағы кейбір майда-шүйде нәрселерге көп үңілмеңіз, әуелі, тақырыптың негізгі ойын түсінуге тырысыңыз. Сабақ оқитын жердегі басқаларадың даурықпа сөздеріне құлақ салмаңыз. Үйренетін нәрселеріңіз шашыраңқы, жүйесіз болмасын, мүмкіндігінше схема сызып, мәліметтерді топтастырып, ойыңызды нақтылаңыз. Әр жерге бір қарамай, нені үйренгіңіз келсе, соған ғана ой бөліңіз. Қайтсем де осыларды үйренуім керек деп, миға шамадан тыс ауыртпалық салған адам оқығандарын түсіне алмайды, есінде сақтай алмайды. Ми дәл компьютер жады секілді жұмыс істейді. Кілттеніп қалған жадыға ештеңе сақтай алмағаныңыз секілді, кілттеніп қалған миыңыз да ештеңе қабылдай алмайды. Олай болса, сабақ оқу техникаңызды қайтадан бір қарап шығыңыз, ойыңызды жинақтаңыз, үнемі үйренген нәрселеріңізді қысқаша жазып алып, жадыңызды жандандырып отырыңыз. Ойды жинақтай білу үшін:
ҚАЛАЙША ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ САБАҚ ОҚУҒА БОЛАДЫ? Үйрену психологиясы жағынан алғанда, егер бір әрекеттің артынан оны орнықтыратын екінші бір әрекет жасалса, бірінші әрекеті орныға түседі және дағдыға айналады. Нәтижелі және жүйелі түрде сабақ оқуды дағдыға айналдыру үшін, осы тәсілді өзіңізге қолданып көріңіз. Бұл тәжірибе бойынша, әрекетіңізді екі түрлі жолмен орнықтыра аласыз:
Бұл тәсіл, негізінде, сізге өте таныс тәсіл. Бала кезімізде әке-шешеміздің «Ойыншықтарыңды жинасаң, далаға шығасың», «Тамағыңды жесең, балмұздақ алып берем» секілді сөздерін бәріміз де естігенбіз. Бұл тәсілдің қисыны мынау: Дағдыға айналдырмақ болған бір (А) әрекетті жасалуы ләззат беретін (Б) әрекетімен орнықтырса, (А) әрекеті орнығады, дағдыға айналады. Сабақ оқу сізге ұнамауы мүмкін. Егер сабақ оқу дағдысын қалыптастыруды ойласаңыз, сабақты өзіңіз ұнататын бір әрекеттен бұрын орындаңыз. Сонда өзіңіз ұнатқан істі жасау үшін, сабақ оқуңызға тура келеді. Мысалы, спорт жайлы сайтты ұнататын оқушы өзіне мынадай шарт қою керек: «Күн сайын күнделікті спорт жаңалықтарын оқу үшін, мұншама уақыт сабақ оқып бітіруім керек». Осылайша күнде белгілі бір уақыт сабақ оқуды жоспарға енгізген боласыз. Алайда кейбір оқушылардың бұл тәсілді теріс қолданып жүрген жайы бар. Сабақ оқуға кіріскен бір оқушы біршама уақыттан кейін жалығады да, «Біраз интернетке қарайыншы, сабақты содан кейін жалғастырамын», - деп компьютердің алдына отырады. Бұл жағдайда қарама-қайшы әрекет дағдыға айналады. Сабақ оқу емес, жалығу дағдыға айналады. Сөйтіп, сабақ оқуға бастаған сайын артынша жалығып қоя береді. Сабақ оқуды орнықтыру үшін сан алуан марапат түрін таңдаңыз:
Сабақ оқу әрекетін орнықтыру үшін өзіңізді марапаттағанда, сабақ соңында қол жеткізетін сыйыңыз бен сабақтың көлемі бір-бірімен үйлесу керек. Бір алма жеу үшін біршама уақыт сабақ оқу жеткілікті болуы мүмкін, дегенмен досыңыздың үйіне бару үшін, одан да көп сабақ оқуыңызға тура келеді. Сонымен бірге, бұлай бір әрекетті дағдыға айналдыру үшін, сабақтың тақырыбы, мөлшері, уақыты нақты белгілену керек.
Бұл марапат түрі ұзақ мерзімде бітетін жұмыстарға қатысты қолданылады. Бұл жерде мақсат етілген нәтиже мен нәтижеге қол жеткізілгенде берілетін сый үлкен болу керек. Мысалы, «Осы айдың соңында ҰБТ-ға дайындық сынағынан белгілі бір ұпайдан жоғары жинасам, ауылдағы нағашыларымның үйіне барамын немесе мектеп ұйымдастырып жатқан саяхатқа қатысамын» түрінде сөз беру ұзақ мерзімді марапатқа жатады. Жоғарыда айтылған екі марапат түрінде де міндетті түрде нәтижеге жеткенде ғана сый берілу керек. Бұған толық бағынуыңыз керек. Әйтпесе жүйелі түрде дайындалудың орнына жүйелі түрде сабақ оқымау дағдысы орнығатын болады. Бұл екі тәсілді жүзеге асырған кезде алдыңыздан шығатын қиындықтардың ең үлкені – құрбы-құрдастарыңыздан келетін қысымдар. Көбіне досыңыз шақырған уақытта, сабағымды оқысам ба, оқымасам ба деген ойға қаласыз. Алайда мынаны есіңізден шығармаңыз: біршама уақыт өзіңізді сабақ оқуға мәжбүрлесеңіз, достарыңыз да бұл ісіңізге құрмет көрсететін болады. Сәтсіздікті жою Оқушылардың сабақтардағы сәтсіздігі тек қана сабақ оқу техникасы мен дағдыларындағы қателіктерден туындамайды. Оқушылар өзінің қабілеті жетпейтін пәнді немесе саланы таңдауы мүмкін. Мектепке немесе дайындық курсына барып келуі мүмкін, дегенмен бұл ісі нақты қойылған бір мақсатқа, іштей қалаған бір арманға негізделмеген болуы мүмкін. Жеткілікті деңгейде ынта-ықыласы болмауы мүмкін. Ата-ананың мәжбүрлеуімен мектепке немесе дайындық курсына баратындарда бұл жағдай көптеп кездеседі. Оқушының мақсаты мен бұл сабақтар арасында байланыс болмауы мүмкін немесе оқушы бұндай байланысты көрмеген болуы мүмкін. Бұл жағдайда болған оқушылар өмірдегі мақсаттарын тағы бір талқыға салғаны дұрыс. Мақсаттарының арасында ЖОО-да оқу бар болса, онда бұған сабақ оқу арқылы ғана қол жеткізетінін білу керек. Оқушылардың сәтсіздігі кейбір жағдайларда оқу, жазу, сөйлеу, сөздік қордың аздығынан немесе білімінің жеткіліксіздігінен туындайды. Кейбір терминдер мен тіркестердің мағынасын қате үйренген болуы мүмкін немесе бұлардан хабарсыз болуы мүмкін. Бастауыш сыныптан бері өзін дұрыс жетілдірмеген болуы мүмкін. Алайда жетістікке жеткісі келетіндер үшін бұлар сылтау емес. Қандайда бір проблема болмасын, оны шешудің жолын қарастырғандар нәтижеге қол жеткізеді.(жалғасы бар) жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |