16:21 ҰБТ: озық тәжірибе, ортақ әдіс | |
САБАҚ ОҚУДЫҢ ҚОЛАЙЛЫ ШАРТТАРЫ Денсаулық Сабақ оқу үшін денсаулыққа көңіл бөліңіз, яғни дұрыс тамақтануға, жеткілікті ұйықтауға, белгілі бір уақытта спортпен шұғылдануға және сабақ оқу кезінде ағзаңыздың қажетінше тынығуына көп мән беріңіз. Сабақ оқуды сүю Өзіңіз ұнатпаған асты көп іше алмағаныңыз секілді, сабақ оқуды сүймесеңіз, онда сабақты көп оқи алмайсыз. Сабақ оқуды сүйікті іске айналдыратын ең маңызды қадам – алға қойылған нақты бір мақсаттың болуы. Яғни «Қалай сабақ оқимын?» деген сұраққа жауап табылу керек. Сіз үшін сабақ оқудың мән-маңызы бар болса, сабақ оқуды сүйетін боласыз. Сабақ оқу техникасын білу Сабақ оқудың тиімді тәсілдері жайлы жүргізілген зерттеу жұмыстары оқушылардың кейбір сабақ оқу техникаларын қолдану арқылы табысқа жеткенін анықтады. Оқушылар кейбір техникаларды қолдана отырып, құлшынысын да, үйрену деңгейін де арттыра алады. Бір сабақ, бір проблема және бір тақырыпқа бола кіап-дәптеріңізді жинастырып қоюға асықпаңыз. «Физика – қиын сабақ» деп ойлайтын болсаңыз, физикадан табысқа жетем деп ойламай-ақ қойыңыз. Өзіңіз жүрексінген істі басқа адамдардың жасағанын көріп, «Пәлі, бұны мен де істей аламын!» - деп өзіңізді қайрауыңыз керек. Бәлкім, өзгелер секілді жүз пайыз жетістікке жетпеуіңіз мүмкін, бірақ жүзден елу пайыз табысты болу мүлдем тақырға отырғаннан әлдеқайда жақсы ғой.
Бұл кезеңдегі ең тиімді қайталау жұмысын сол тақырыпқа қатысты тест сұрақтарын шешу арқылы орындаған жөн. Қолыңыздағы тест жинақтарындағы сол тақырып жайлы барлық тест сұрақтарын шешсеңіз, сол тақырып жайлы бүкіл сұрақ түрлерімен танысасыз, әрі сол тақырыпты жан-жақты қайталап шығасыз.
ҚАЙАЛАУДЫҢ КҮШІ
Дұрыс дайындалу үшін:
ТҮСІНУ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛАЙ ЖЕТІЛДІРУГЕ БОЛАДЫ? Үйрену – түсіну деген сөз. Түсіну қабілетін жетілдіру үшін, тақырыпты мұқият оқу керек, меңгерілген мәліметтермен байланыстыру керек, ұқсату керек, үлгі-мысалдарға мән беру керек, оқылған тақырыптың негізгі ойын табу керек. Сондай-ақ мына мәселелерге тереңірек тоқталу керек: Шолып шығу Бір тақырыпты шолып шығу деп сол тақырып жайлы жалпылама мәлімет алуды айтады. Бұны сол тақырыптың атауына, тақырыпшаларына және мақсатына жалпылама түрде шолып шығу арқылы білуге болады. Сұрақтар шығару Әрбір тақырыпты біршама сұрақтарға жауап табу мақсатында оқу керек, сондықтан оқымай тұрып, шолып шыққан кездегі мәліметіне сүйене отырып, аталмыш тақырыптан жауап ізделінетін сұрақтар шығару керек. Өткен жылдардағы ҰБТ сұрақтары тақырыпты пысықтау мақсатында қолданылса болады. Бұл сұрақтар адамды барыша мұқият оқуға жұмылдырады. Оқу Тақырыпты оқитын кезде, ойды барынша сол тақырыпқа жұмылдыру керек. Оқығанын түсіне білу дұрыс әрі жылдам оқуға тікелей байланысты. Оқитын кезде «неліктен, қалай, қашан, кім» секілді сұрақтар оқыған адамның ойында қызығушылық оятады. Бөлшектен бүтінге қарай жүре отырып, тақырыптың әр бөлімінің негізгі ойын табу керек. Бір тақырыпты түсіну үшін, оны ең кемі екі рет оқып шыққан жөн. Бірінші оқығанда, тақырыптағы негізгі ойларды анықтау керек. Осы кезде кейбір сөздердің астын сызып қойған дұрыс немесе жазып алу керек. Екінші оқығанда, негізгі және жанама ойларды нақтылап белгілеу керек және маңызды жерлердің астын сызып қою керек. Оқыған кезде, ойыңыздағы сұрақтардың жауабын тапқан болсаңыз, сол қатардың немесе абзацтың тұсына «№1 сұрақтың жауабы», «№2 сұраққа жауап» деп жазып қойған жөн. Сонымен қатар, өзіңіз ойлап тапқан шартты таңбаларды да қолдансаңыз болады. Мысалы, х (маңызды), хх ((өте маңызды), !!! (назар аудар), ? (түсінбедім), ?? (іздестіру керек). Бұл ұсыныс көбіңізге босқа уақыт жоғалту секілді көрінуі мүмкін. Керісінше, сұрақтарға қатысты жауаптың жазылуы қайталау ісін барынша жеңілдетеді. Еске түсіру және конспектілеу Оқыған тақырыптарын бір мәрте қайталап шықпағандар үйренген білімінің жартысын кітапты жапқан соң-ақ ұмытып қалып жатады, сондықтан үйренген нәрселерді ұмытпау үшін үнемі қайталап тұруды дағдыға айналдыру керек. Шолып шығу және еске түсіру жұмыстарын бөлім-бөлім түрінде іске асырыңыз. Әрбір абзацты оқығаннан кейін, біраз кідіріс жасап, үйренген нәрселеріңізді еске түсіруге тырысыңыз. Егер уақытыңыз тығыз болса, негізгі ойды еске түсірумен шектелуіңізге болады. Оқыған жеріңізге қарамай-ақ еске түсіретін болсаңыз, ол бөлімді түсінгенсіз деген сөз. Кейде оқығаныңызды түсінген сияқты боласыз, дегенмен қысқаша конспект жаза қояйын десеңіз, ойыңызға бір сөйлем де түспейтін кездер болады. Конспект жазу. Бұл мәселеде мән берілетін ең негізгі нәрсе: оқыған тақырыптың негізгі ойын таба білу және оқыған бөлімге қарамай, өз сөзімен қысқа әрі түсінікті етіп жаза білу. Ең оңай конспектілеу тәсілі – абзац бойынша жазылған конспект. Екіншісі – бірнеше абзацты конспектілеу. Үшіншісі – бөлімдерді конспектілеп жазу. Конспект жазарда, тақырыптағы жоспарды бұзбауға, мақсатынан ауытқымауға, негізгі ойы мен оны қуаттайтын жанама ойларды көрсетуге және түпнұсқадағы мағынасын сақтауға тырысу керек. Оқығанда да, жазғанда да тақырыптың негізгі жерлерін көрсету керек. Бұны жүзеге асырудың ең тиімді жолы – мәтіннің құрылысын көрсететін схема сызу. Түсіну қабілетін күшейтетін қағидалар
Үйренген нәрсені еске түсіре білу – дағдылануды қажет ететін іс. Қайталау Бұл кезеңде оып үйренген нәрселеріңіздің дұрыс болып-болмағанын тексересіз, дұрыстарын пысықтайсыз. Пысықтау мақсатында жасалатын бірінші іс – оқыған кітаптың немесе мәтіннің жалпы құрылысын зерттеу. Екіншісі – кітапқа немесе мәтінге қатысты дайындалған сұрақтарға жауап табылып-табылмағанын тексеру. Жауап берілмеген жаңа сұрақтар шығып жатса, оларға да жауап іздеп табыңыз. Үшіншісі – кітапты немесе мәтінді қайтадан оқып шығып, білмей қалған нәрселерінің бар-жоғын тексеру. (жалғасы бар) жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |