11:04 Біздің Азиада | |
ЕЛДІК МАҚТАНЫШ
Он күнге жуық қуанышқа бөлеген жетінші қысқы Азия ойындары – қайталанбас шақ! Сары құрлықтың жиырма жеті елінен қатысқан спортшылар жан алысып, жан беріскен додалар алаңына шықты. Жанкүйерлер бір жасап қалды. Жеңімпаздар тұғырларға жайғасып, жүлделі медальдарды алқалады. Азиада тарихында бір елдің спортшылары алтын медальдарды жеңіп алудың жиырма бес жылғы рекордын қазақстандық саңлақтар жаңартты. Отыз екі алтын алқаға қол жеткізді! Бұған дейін кең-байтақ Қазақстанда кешендігімен ауқымды құрлықтық спорт додасы болмаған. Посткеңестік елдер ішінен Қазақстан соншалық деңгейдегі жарыстарды ұйымдасқан түрде өткізген бірегейлігімен айқындалды. Азиаданың салтанатты түрде ашылуы һәм салтанатты түрде жабылуы еліміздің қарқынды дамуының нақты көрсеткіші. Осы жарыстарға арнайы тұрғызылған және күрделі жөндеуден өткен спорт кешендері көңілден барынша шықты. Еліміздің бас телеарналарынан көрсетілген тікелей һәм қайталау көрсетілімдердің сапасы әлемдік талаптарға сайма-сай болды. Шалғай елді мекенде Азиаданы теледидардан тамашалаған мені осынау құрлықтық доданы өткізген Қазақстан атты еліме алғысым шексіз. Бойды қуаныш бөледі. Жанды ризашылық биледі. Алға Қазақстан! Жаса Қазақстан! Шарықта Қазақстан!
ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы
| |
|
Всего комментариев: 0 | |