13:26
Бірінші айналым мәресінде
2010/2011 оқу жылының І тоқсанын аяқтау хақында ӨКІМ
І тоқсанның аяқталуына байланысты (демалыс 5 қарашадан 12 қарашаға дейін, сабақтардың басталуы 13 қараша 2010ж.) мыналарды орындау қажет:
1. Пән мұғалімдері І тоқсандық бақылау жұмыстарын өткізуді 25 қазан һәм 30 қазан 2010ж. аралығында жүргізсін. 1 қараша 2010ж. ӘБ жетекшілеріне бақылау жұмыстарының сандық қорытындыларын тапсырсын. 1 қараша 2010ж. (17.00-ге дейін) ӘБ жетекшілері бақылау жұмыстарының қорытындыларын тапсырсын. Бақылау жұмыстарының қорытындыларында жұмыстардың сапалық сараптамасы айқын мазмұндалуы тиіс (төмен/жоғары көрсеткіштердің себептері, оқушылар біліміндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған жұмыстың жоспары, түзету диагностикасы, салыстырмалы мониторинг).
2. Барлық пән мұғалімдері 3 қараша 2010ж. дейін І тоқсандық бағаларды қойсын.
3. Сынып жетекшілері 3 қараша 2010ж. (17.00-ге дейін) нысан бойынша есеп тапсырсын.
4. Пән мұғалімдері 4 қараша 2010ж. (14.00-ге дейін) нысан бойынша есеп тапсырсын.
5. ӘБ жетекшілері 3 қараша (17.00-ге дейін) «І тоқсанда орындалған жұмыс туралы» мәтіндік есептерін тапсырсын.
6. Пән мұғалімдері ҰБТ-ге әзірлік бойынша (11 сыныптар), МАБ-ға әзірлік бойынша (4,9 сыныптар) мониторингтік-сараптамалық анықтамасы көрсетілген папкаларын тапсырсын (4 қараша 2010ж. 14.00-ге дейін).
7. Сынып жетекшілері демалыс кезінде сыныппен өткізетін шараны жоспарласын һәм 3 қараша 2010ж. (17.00-ге дейін) жоспарларын мектеп директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары Қапанова Г.Ж. тапсырсын.
8. Бастауыш сыныптар мұғалімдері филология ӘБ мұғалімдерін шақырып, оқушылардың мәнерлеп оқу машығын тексеруді өткізсін. Оқу техникасын тексеру қорытындыларын 3 қараша (17.00-ге дейін) тапсырсын.
9. Медбике (тубвираждылар саны, тамақтандыру, оқушылардың медициналық хал-ахуалы көрсетілген, соматикалық мониторинг), кітапхана меңгерушісі, психолог орындалған жұмыс жөнінде мәтіндік есеп тапсырсын. Дене шынықтыру мұғалімдері, инструктор 3 қараша 2010ж. (17.00-ге дейін) мектеп оқушыларының жарыстарға қатысқаны һәм иеленген орындары хақында есептерін тапсырсын.
10. Аға тәрбиеші І тоқсан бойынша орындаған жұмыс жайлы есепті 3 қараша 2010ж. мектеп директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары Қапанова Г.Ж. тапсырсын.
11. Барлық пән мұғалімдері құжаттама номенклатурасын тексеруге дайындалсын, сынып журналдарын ретке келтірсін.
12. Пән мұғалімінің құжаттама номенклатурасы жағдайын тексеру 9 һәм 10 қараша 2010ж. 9.30-дан өткізіледі.
Тексеру тәртібі:
9 қараша
бастауыш сыныптардың ӘБ 9.30-10.30
математика, информатика, физика, сызу ӘБ 10.30-11.30
филология, ағылшын тілі ӘБ 11.30-12.30
10 қараша
музыка, технология, дене шынықтыру, бейнелеу өнері мұғалімдері 9.30-10.30
тарих, биология, химия, география ӘБ 10.30-11.30 сынып жетекшілердің ӘБ 11.30-12.30
Просмотров: 914 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: