11:21 Білгенге - маржан | |
ӨМІРДЕ ӨЗ ОРНЫҢЫЗДЫ ТАБУҒА КӨМЕКТЕСЕТІН 50 СҰРАҚ Өмірде бәрінен де адамдық қалпымызды сақтап қалу қиын. Күйбең тірлікпен жүріп мақсатымызды орындау үшін өзгені өз мүддемізге пайдаланатын кезіміз болады. Төмендегі 50 сұрақ дұрыс жолға түсіп, өмірде өз орнымызды табуға көмектеседі. Олардың дұрыс немесе қате жауабы жоқ. Әркім өз жолын өзі таңдайды. 1. Жадыңыздағы естеліктер көмескіленген жағдайда өзіңізге қанша жас беретін едіңіз? 2. Қателесуден қорқасыз ба, немесе бір істі жүзеге асырмағаныңыз үшін өкінуден қорқасыз ба? 3. Өмір тым қысқа. Өзіңізге ұнамайтын істермен неге көп айналысасыз? 4. Жұмысыңызды бітірдіңіз. Айтты, орындадыңыз. Сөз көп болды ма, әлде іс пе? 5. Өмірде бір нәрсені өзгертуге мүмкіндік берсе, не істер едіңіз? 6. Бақытты валюта деп елестетіңіз. Әлемдегі ең бай адам болу үшін қандай жұмыспен айналысуыңыз керек? 7. Қолыңыздан бір іс келетініне сенесіз бе? 8. Орташа есеппен адамдар 40 жыл ғана өмір сүрсе, осы уақытты қалай ұтымды пайдаланатын едіңіз? 9. Өміріңізді қаншалықты басқара алып жүрсіз? 10. Бір нәрсені бұрыс жасағыңыз келе ме, әлде дұрыс бағытта ғана жүруді жөн көресіз бе? 11. Араларыңызда достық қарым-қатынас бар екенін білместен таныстарыңыз бір адамды жамандап жатса, қандай әрекет жасайсыз? 12. Бүлдіршінге бір ғана кеңес беру мүмкіндігіңіз бар болса, не айтар едіңіз? 13. Сүйіктіңізді құтқару үшін заңға қарсы әрекет жасай аласыз ба? 14. Ақылсыздық пен кемеңгерліктің ұштасуын көргенсіз бе? 15. Көппен бірге жол тапқанша, жалғыз жүріп адасуды жөн көресіз бе? 16. Әркімнің түрліше бақытты болуының себебі неде? 17. Қорықсаңыз да, жасап көргіңіз келетін іс бар ма? Сізді тоқтататын не нәрсе? 18. Ескі ойдан, ескі заттардан неге арыла алмай жүрсіз? 19. Басқа елге біржолата көшу мүмкіндігіне ие болсаңыз, қайда барар едіңіз? Не себепті? 20. Жеделсатының кнопкасын бірнеше рет бастыңыз. Ол, расымен де, жылдам келеді деп ойлайсыз ба? 21. Күлкі сыйлаған ақымақ әрекет жақсы ма? Ақылмен жасаған істің сәтсіз болғаны жақсы ма? 22. Өмірге не үшін келдіңіз? 23. Өзгелерге өзіңіз секілді дос тілейсіз бе? 24. Жақын досыңыз өзге елге көшіп кетсе де, үнемі хат алысып тұруды қалайсыз ба? Араласпасаңыздар да, көрші тұруды жөн көресіз бе? 25. Өміріңізде не үшін алғыс айтасыз? 26. Өткен өміріңіздегі естеліктерден айырылып қалмауды жөн көресіз бе? Әлде оларды жаңа естеліктер алмастырғанын қалайсыз ба? 27. Шындықтың беті ақыры ашылатынына сенесіз бе? 28. Ең үлкен қорқынышыңыз орындалса, қандай әрекет жасайсыз? 29. Осыдан 5 жыл бұрын бақытсыз болғаныңыз есіңізде ме? Қазір оның маңызы бар ма? 30. Балалық шағыңыздан бақытты естеліктер қалды. Не себепті? 31. Сізге бақыт сыйлаған өткен өміріңізде қандай оқиға бар? 32. Қазір болмаса, қашан? 33. Мақсатыңызға жетпеген болсаңыз, оған жету жолында не нәрседен айырылуыңыз мүмкін? 34. Сол сәтте тек үнсіздік қана болса да, тамаша сыр шертіскендей әсерде болып көрдіңіз бе? 35. Махаббатың бар екеніне сенесіз бе? 36. Еш күмәнсіз жақсы мен жаманның ара-жігін ажырата аласыз ба? 37. Миллион долларды сізге ұсынса, жасап жүрген қызметіңізден бас тартасыз ба? 38. Жасағыңыз келмейтін бір істен жасағыңыз келетін мың істі артық көресіз бе? 39. Бүгінгі күніңіз жүзінші рет қайталанып тұрғандай әсер алып көрдіңіз бе? 40. Жауапкершілікті соңғы рет қашан мойныңызға алып көрдіңіз? 41. Жақындарыңыздың ертең бұл өмірде болмайтынын білсеңіз, қалын сұрауға қашан барар едіңіз? 42. Танымалдылықты 10 жыл өміріңізге айырбастар ма едіңіз? 43. Тіршілік ету мен өмір сүрудің айырмашылығы қандай? 44. Нар тәуекелге баратын күн туа ма? 45. Қателерімізден сабақ алсақ, шалыс басудан не себепті қорқамыз? 46. Өзгелердің сын айтпайтынын білгеніңізде, өзіңізді қалай ұстар едіңіз? 47. Жүрегіңіздің соғысы мен тыныс алуыңызды соңғы рет қашан тыңдап көрген едіңіз? 48. Сіз нені жақсы көресіз? Ол махаббатыңыз соңғы әрекеттеріңізден көрініс тапты ма? 49. Соңғы 5 жылдың ішінде үздіксіз жасап келе жатқан әрекетіңіз бар ма? 50. Шешімді өзіңіз қабылдайсыз ба? Бұл сұрақтардың жауабы дұрыс жол табуға, пайдалы әрі жақсы көретін іспен айналысуыңызға көмектеседі деген үміт ұялайды! әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |